
2025 жылдың 23 қазанында Шет ауданы, Кеншоқы ауылында аудан әкімдігінің қолдауымен және ауыл азаматтарының демеушілігімен дәстүрлі құсбегіліктен «Салбұрын-2025» аудандық біріншілігі ұйымдастырылды.
Жарыс бүркіт, қаршыға, ителгі бағыттары бойынша өтіп, ауыл, қалалардан келген 20 құсбегі өз шеберліктерін көрсетті.
🏆 Жеңімпаздар:
Бүркіт жарысы:
🥇 Төлегенұлы Темірәлі
🥈 Матей Арман
🥉 Қазбек Нұрғазы
4️⃣ Кеншілік Өмірбек, Увалиев Алихан
Қаршыға жарысы:
🥇 Бақтығали Ерік
🥈 Оспанкулов Танат
🥉 Карипов Серік
Ителгі жарысы:
🥇 Оспанкулов Танат
🥈 Төлегенұлы Темірәлі
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер демеушілер атынан медаль, кубок және қаржылай сертификаттармен марапатталды.
Бас төреші: Қарағанды облысының құсбегілік федерациясының төрешісі Махамбетшин Төлеген.