
Іс-шараға 9 жұмыс беруші — ірі, орта және шағын кәсіпорындар қатысты, олар 33 өзекті бос жұмыс орнын ұсынды.
Жәрмеңке барысында 38 азамат жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңес алды. Оның ішінде 9 адам тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жолдама алды. Сонымен қатар Enbek Skills порталы арқылы «Сенің кәсіби өсуің» атты онлайн курсын аяқтаған 7 адамға сертификаттар табысталды.
Келушілерге тұрақты және уақытша жұмысқа орналасу бойынша, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңестер ұйымдастырылды:
«Жастар практикасы», «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Қоғамдық жұмыстар», «Күміс жас», «Кәсіптік оқыту».
Барлық өзекті бос жұмыс орындарын enbek.kz порталынан көруге болады. Келесі жәрмеңкенің өткізілу күні қосымша хабарланатын болады.