
Ауыл тұрғындарының осы игі бастамасын қолдап, Шет ауданы прокурорының орынбасары Жаңабергенов Құрмет Махамбетұлы және Шет ауданы ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ахметов Асхат Жанатұлы арнайы келіп қатысты. Сонымен қатар осы бастаманы қолдаған бірқатар кәсіпкерлер мен ауыл азаматтарына Шет ауданы әкімдігі мен Шет ауданы прокуратурасының алғыс хаты табысталды.
«Ішімдіксіз ауыл» жобасы аясында Шет ауданы Нұраталды ауылдық округі, Шопа ауылы, Шет ауылдық округі Үңірек, Тұмсық, Қармыс, К.Мыңбаев ауылдық округі Қызылтау ауылы, Батық ауылы, Тағылы ауылдарында бүгінгі күні ішімдіксіз ауылдардың бірі. Ішімдіксіз өмір салтын қалыптастыру мақсатында ауыл ақсақалдары мен жастары бастама көтеріп кейінгі буынға үлгі болсын деген ниетпен ішімдіктен және оны ауылда сатудан бас тартып, жеке кәсіп иелері қолдау білдіруде.
Өзгеріс әркімнен басталады. Берекелі, қауіпсіз, үлгілі ауыл құру — баршамыздың қолымызда. Бұл қадам — болашағымызды жаңаша қалыптастыруға, салауатты өмір салтын ұстануға, жастарға үлгі болып, қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған ортақ ниет.
#заңментәртіп #ішімдіксізауыл #шетауданы #төменгіқайрақтыауылы