
«Бөлу, тапсыру, қайта өңдеу» жобасы аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және тазалықты сақтау мақсатында мектеп оқушыларымен кездесу өтті.
Балаларға қалдықтардың қоршаған ортаға қалай әсер ететіні көрсетіліп, қандай материалдарды қайта өңдеуге болатыны түсіндірілді. Интерактивті викторина мен тәжірибелік тапсырмалар ақпаратты қызықты әрі түсінікті етті.
Ұйымдастырушы — Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы белсенді қатысушыларға экосыйлықтар табыстады.