«Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында С.Сейфуллин кентінде жалпы сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға мекеме қызметкерлері, жастар және ауыл тұрғындары қатысып, көшелерді, қоғамдық орындарды, арық-атыздарды қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Сенбіліктің негізгі мақсаты – қоршаған ортаға жанашырлық таныту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және ауылдың тазалығын сақтау.