
Еліміздің түкпір-түкпірінде бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Шет ауданында да қарқынды жалғасып келеді. Бұл игі бастама — қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, туған жердің табиғатын аялауға үндейтін маңызды қадам.
Аудан тұрғындары, жастар, ұйымдар мен мекеме қызметкерлері бірлесе отырып, елді мекендер мен қоғамдық орындарды, саябақтар мен көше бойларын тазарту жұмыстарына белсене атсалысуда. Әрбір атқарылған іс — ортақ мекеніміздің көркеюіне қосылған үлес.
Тазалық — тәртіп пен мәдениеттің айнасы.
Біздің табиғатымыз — болашақ ұрпаққа аманат.
Олай болса, тазалықты сақтап, туған өлкені аялау — әр азаматтың парызы.