
Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр ауылдан басталуы керек. Өйткені «Таза Қазақстан», бұл – бір күндік науқан емес. Бұл – біздің өмір салтымыз. “Таза Қазақстан” экоакциясы бұл күндері игі бастама үлкен қозғалысқа айналды. Бүгінгі күнде Ақшатау кент әкімдігіне қарасты Жарылғап батыр ауылындағы 30-40 жылдан бері қордаланып қалған күл-қоқыстар, ауылға келген мердігерлермен кент әкімдігімен жасалған меморандум арқылы шартқа отыру нәтижесінде ауылымыз бір тазарып қалды🌱