Ұстаздар мен оқушыларға тазалық пен экология мәселесі жөнінде түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Ұстаздар мен оқушыларға тазалық пен экология мәселесі жөнінде түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Бүгін, Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімінің орынбасары Ж.Амантай Ы.Алтынсарин және Ж.Ақылбаев атындағы мектепте өткен лездемелерге қатысып, ұстаздар мен оқушыларға тазалық пен экология мәселесі жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізді.

Кездесу барысында қоршаған ортаны қорғау – әр азаматтың ортақ борышы екені, ауылдың көркеюі күнделікті тазалық пен тәртіптен басталатыны айтылды.

Сондай-ақ қоғамдық жұмыскерлер мен «Жасыл ел» жасақтарының еңбегі атап өтілді. Олардың ауыл үшін жасап жатқан күнделікті жұмыстары – жастарға үлгі.

«Тазалық тек қоқыс жинау емес, ол – мәдениет пен тәртіптің көрсеткіші. Осы айтылғаннан аз да болса 2-3 оқушы ой түйсе – жұмысымыздың нәтижесі бар» – деп атап өтті Ж.Амантай.