
"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында С.Сейфуллин кентінде тазалық жұмыстары жүргізілді.
Бұл бастама туған жерді көгалдандыру мен экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған өте маңызды әрі игі бастама болып табылады. Сондай-ақ кент тұрғындарына акция туралы парақшалар таратылды.
Халықтың, әсіресе жастар мен еріктілердің экологиялық мәдениетін қалыптастырып, оларды табиғатқа жанашырлыққа тәрбиелейді. Тұрғындарды туған жерінің тазалығына және көркейтуіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.