Республика күні құтты болсын!

Республика күні құтты болсын!

Құрметті жерлестер!

Сіздерді бүгінгі ұлтымыздың мәртебелі мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл айтулы күн – халқымыздың береке-бірлігінің, елдік пен тәуелсіздікке деген адал ниетінің, туған өлкемізге деген сүйіспеншіліктің және ортақ еңбегіміздің жарқын нышаны.

1990 жылдың 25 қазанында еліміздің егемендігі туралы Декларация қабылданып, Қазақстанның мемлекеттік дербестігіне жол ашылды. Бұл құжат тәуелсіздігіміздің бастауы, мемлекетіміздің жаңа белеске көтерілген сәті ретінде тарихта мәңгі сақталады.

Қадірлі ағайын!

Бүгінгі бейбіт өмір мен ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан баршаңызға алғыс білдіремін. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген еңбек ардагерлеріне, түрлі сала мамандарына және жас буынға ризашылығымды жеткіземін.

Тәуелсіз еліміздің баянды болашағы жолындағы еңбектеріңіз жемісті, бастамаларыңыз сәтті болсын!
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен ырыс-береке тілеймін.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, республикамыздың мәртебесі асқақ болсын!

Ізгі тілекпен,
Шет ауданының әкімі М.Мұхтаров