
✅Көктіңкөлі, Батық және Ақой ауылдық округтерінде тұрғындармен есеп беру кездесулері өтті.
📌Кездесу барысында округ әкімдері жыл басынан бері атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған негізгі бағыттар туралы баяндама жасап, тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
🔸Атап айтқанда, тұрғындар көше жолдарын жөндеу және асфальттау, көше жарық шамдарын орнату, электр желілерінің жай-күйі, сондай-ақ тұрғын үй кезегі мәселелерін көтерді.
✒️Аудан әкімі барлық ұсыныстар мен сұрақтарды назарға алып, тиісті сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді.
⚜️Кездесу соңында азаматтар жеке қабылдауға жазылып, өз мәселелерін жеке түрде жеткізу мүмкіндігіне ие болды.