Шет ауданында «Адал Еңбек пен Ынтымақ – Ел Игілігі» жобасы аясында кездесу өтті

Шет ауданында «Адал Еңбек пен Ынтымақ – Ел Игілігі» жобасы аясында кездесу өтті

Қарағанды облысы әкімінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан, «2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы» мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Адал Еңбек пен Ынтымақ – Ел Игілігі» атты жоба аясында Нұраталды, Талды, Ақшоқы өңірінің тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды.

Кештің қонағы – Халықаралық және республикалық айтыстар мен фестивальдардың лауреаты, ҚР Мәдениет саласының үздігі, ақын, бард Қуаныш Мақсұтов* болды.

Жоба аясында ұйымдастырылған бұл шараның мақсаты – еңбек адамын дәріптеу, бірлік пен ынтымақтың қоғамдағы рөлін насихаттау, жастар арасында ұлттық құндылықтар мен азаматтық сана қалыптастыру.

Кездесу барысында Қуаныш Мақсұтов авторлық туындыларын орындап, өмірлік тәжірибесімен бөлісті, жастармен ашық пікір алмасып, еңбекке, ел бірлігіне арналған ойларын ортаға салды.

Шара қатысушыларға рухани серпін сыйлап, еңбек пен өнердің сабақтастығы жөнінде тағылымды пікір қалдырды. @shetaudany