АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕР МЕН КЕНТТЕР ӘКІМДЕРІНІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕР МЕН КЕНТТЕР ӘКІМДЕРІНІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

🔸Аудан көлемінде ауыл, кент әкімдерінің 2025 жылдың II жартыжылдығы бойынша халық алдында есеп беру кездесулері жалғасуда. Жоспарға сәйкес аудан әкімінің төрағалығымен Өспен, Шет ауылдық округтері және С.Сейфуллин атындағы кентінің жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.

✅Кездесу барысында әкімдер елді мекендердегі әлеуметтік-экономикалық даму бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалар, жол жөндеу, ауыз су жүйесін жаңарту, электрмен жабдықтау, абаттандыру, медициналық қызмет көрсету мен санитарлық тазалық сынды маңызды мәселелер бойынша ақпарат берді.

📝Тұрғындар тарапынан жолдардың жай-күйі, тұрақты ауыз суға қол жеткізу, электр жарығының сапасы, медициналық қызмет алу мүмкіндіктері, сондай-ақ жергілікті инфрақұрылымға қатысты бірқатар сауалдар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды.

📌Жиын соңында қойылған сұрақтарға жауаптары беріліп, тұрғындармен ашық диалог форматында пікір алмасты. Көтерілген мәселелер бақылауға алынып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, кездесу аяқталған соң аудан әкімі ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.