
Ақсу-Аюлы ауылының орталық саябағында күзгі тал егу акциясы ұйымдастырылды. Ауданды көркейту-көгалдандыру, келбетті жасыл желекке айналдыру мақсатында ұйымдастырылған, ауданымыздың көркеюіне бастайтын берекелі бастамаға аудан әкімі М.Мұхтаров, аудандық мәслихат төрағасы С.Социал бастаған ауыл әкімі Д.Смаилов, ауданның зиялы қауым өкілдері мен аудандық агротехникалық колледжінің басшылығы қолдау көрсетіп, күзгі тал егу акциясына белсенді қатысты.
Игі шараға аудан әкімдігі, ауыл әкімдігі аппараты, мемлекеттік бөлімдер мен мекеме қызметкерлері өз үлестерін қосты.
Акция соңында аудан әкімі М.Мұхтаров акцияның өтуіне мұрындық болған азаматтарға ризашылығын білдіріп, туған жерімізді жасылдандыруға тұрғындардың да үлесі қажет екенін атап өтті.