АУЫЛ, КЕНТ ӘКІМДЕРІНІҢ КЕЗЕКТІ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

АУЫЛ, КЕНТ ӘКІМДЕРІНІҢ КЕЗЕКТІ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

📌Кеншоқы, Тағылы, Төменгі Қайрақты ауылдық округтерінің әкімдері ел алдында атқарылған жұмыстары мен жоспарлары туралы есеп берді.

🔸Аталмыш кездесулерге аудан әкімі М.Мұхтаров, аудан прокуроры Б.Абдулахат және аудандық маслихат төрағасы С.Социал, ауданның сала бөлім басшылары қатысты.

✒️Округ әкімдерінің елді мекен тұрғындарымен кездесуі сұрақ-жауап форматында өтіп, ауыл тұрғындары тарапынан бірқатар тақырыптар көтерілді. Осыған байланысты, аудан әкімі өз кезегінде айтылған ұсыныс- пікірлердің барлығы жеке бақылауында болатынын айтып, жиналысты қорытындылады.

📝Есеп беру соңында аудан әкімі халықты өзге де мәселелері бойынша жеке қабылдады.

🏗️Сонымен қатар, аудан әкімі Кеншоқы ауылында салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын көрді. Аудан әкімі құрылыс басында мердігер басшылығымен кездесіп, жұмыс барысымен танысты.
Жұмыстың жоспарға сай жүріп жатқандығын айтқан
мердігер басшылығына аудан әкімі сын- ескертпелер айтып, құрылысты сапалы жүргізуді тапсырды.