
🔹Дәрия кенті және Красная Поляна, Бұрма ауылдық округтерінің әкімдері ел алдында атқарылған жұмыстары мен жоспарлары туралы есеп берді.
✅Аталмыш кездесуге аудан әкімінің орынбасары О.Стыбаев және ауданның сала бөлім басшылары қатысты.
📌Кент және ауылдық округ әкімдерінің елді мекен тұрғындарымен кездесуі сұрақ-жауап форматында өтіп, ауыл тұрғындары тарапынан бірқатар тақырыптар көтеріліп, аудан әкімінің орынбасары кент және ауылдық округ әкімдеріне көтерілген мәселелер бойынша және алдағы жылға атқаратын бірқатар жұмыстарға қатысты арнайы тапсырмалар беріп, жиналысты қорытындылады.
🖇️Есеп беру соңында аудан әкімінің орынбасары тұрғындарды өзге де мәселелері бойынша жеке қабылдады.
📋Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары Красная поляна ауылының су құбыры желілерін қайта құру жұмыстарының барысымен және де 6 пәтерлі тұрғын үй құрылыстарымен танысты. Сондай-ақ, Қарамұрын ауылында жаңадан бой көтерген медициналық пункт ғимаратын көріп, сапасы мен атқарылған жұмыстарға бақылау жүргізді.