АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

🔸Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес кеше аудан әкімі М.Мұхтаров пен аудандық мәслихат төрағасы С.Социалдың қатысуымен Ақшоқы және Талды ауылдық округтерінде әкімдердің есеп беру кездесулері өтті.

📋Кездесу барысында ауыл әкімдері тұрғындар алдында ағымдағы жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен алдағы жоспарларымен бөлісті.

📝Жиын сұрақ-жауап форматында ұйымдастырылып, тұрғындар өзекті мәселелерді ортаға салды. Атап айтқанда, ауыл ішіндегі жолдардың жай-күйі, мектеп жағдайы, көше жарығы секілді маңызды тақырыптар қозғалды.

📌Аудан әкімі көтерілген барлық мәселелер жеке бақылауында болатынын, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілгенін атап өтті.

🔸Сонымен қатар, Нұраталды ауылдық округінде аудан әкімінің орынбасары О.Стыбаев болып, ауылдық округ әкімінің атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен алдағы жоспарларын тыңдады.

🖇️Аудан әкімінің орынбасары тұрғындардың жол жөндеу, көшелерді жарықтандыру сияқты сұрақтарына жауап берді.

📍Кездесу соңында аудан басшысы ауыл тұрғындарын жеке қабылдап, жеке мәселелерін тыңдады.