
Әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасын тұрақтандыру мақсатында Қарағанды қаласында Шет ауданына қарасты ауыл шаруашылығы өнімдерін сату бойынша әлеуметтік павильон ашылды. Павильон Сатыбалдин көшесі, 11/1 мекен-жайы бойынша орналасқан. Жұмыс уақыты: Дүйсенбі-Жексенбі, 10:00-19:00.
Павильонда ет, сүт өнімдері және әлеуметтік азық-түлік тауарлары нарықтағыдан төмен бағамен сатылуда. Павильон тұрақты түрде Шет ауданына қарасты шаруашылықтардың өнімдерін өткізумен айналысатын болады.