ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСУДА

ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСУДА

🗓️Бекітілген жоспарға сәйкес бүгін аудан әкімінің қатысуымен Ортау, К.Мыңбаев ауылдық округтерінің әкімдері ел алдында атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарларымен бөлісті.

⚜️Кездесу сұрақ-жауап форматында өтіп, ауыл тұрғындары тарапынан электр энергия, ауыз сумен қамту, жол секілді мәселелер көтерілді. Осыған байланысты аудан басшысы айтылған ұсыныс-пікірлердің назарға алынып, және мәселенің оң шешімін табуы үшін жеке бақылауында болатынын жеткізді.

🔸Кездесу барысында аудан әкімі тұрғындармен жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

🚒Сонымен қатар, аудан басшысы Ортау ауылында салынған өрт сөндіру бекетін аралап көрді. Бекетте 1 өрт сөндіру автокөлігі, 6 өртсөндіруші қызмет атқаратын болады. Бекет заманауи талапқа сай жабдықталған, ғимаратта жұмыс аумағы, диспетчерлік, демалыс бөлмелері, ас үй және жабық тұрақ бар.