Шет ауданында «Құқық кабинеті» бұрыштары ашылды.

Шет ауданында  «Құқық кабинеті» бұрыштары ашылды.

Шет ауданында 6 «Құқық кабинеті» бұрышы ашылды

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық сананы қалыптастыру және тегін заң көмегін көрсету мақсатында Шет ауданы әкімдігінде, Ақсу-Аюлы ауылында, Ақжал, Ағадыр, Мойынты және С.Сейфуллин кенттерінде «Құқық кабинеті» бұрыштары ашылды.

Азаматтар еңбек, отбасы, тұрғын үй, әкімшілік заңнамалары және басқа да құқықтық мәселелер бойынша консультация ала алады. Консультацияларды білікті мамандар, оның ішінде заңгерлер, мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері жүргізеді.

Құқық кабинеті келесі мекенжайларда жұмыс істейді:

«Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ - Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай Жырау көшесі, 26

«С.Сейфуллин атындағы кент әкімінің аппараты» ММ - С.Сейфуллин кенті, Байғозы Батыр көшесі, 7

«Ағадыр кенті әкімінің аппараты» ММ - Ағадыр кенті, Т. Қазақстан көшесі, 4

«Ақжал кенті әкімінің аппараты» ММ - Ақжал кенті, Абай ауылы көшесі, 5

«Мойынты кенті әкімінің аппараты» ММ - Мойынты кенті, Таныбай батыр көшесі, 14

«Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ - Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай Жырау көшесі, 24

Жұмыс режимі: сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін, 14.30-дан 18.30-ға дейін.