ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕР БАСТАЛДЫ

ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕР БАСТАЛДЫ

✔️Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров ауылдық округтер, кент тұрғындарымен ағымдағы жылдың ІІ жартыжылдығына арналған халықпен кездесу жұмысын бастады.

✔️Бекітілген жоспарға сәйкес бүгін аудан басшысы Ақшатау, Ақжал кенттерінде болып, кент әкімдерінің тұрғындар алдында жоспарға сәйкес атқарылған жұмыстары туралы есептерін тындады.

✔️Аталмыш кездесуге аудан прокуроры Б.Абдулахат, аудандық мәслихат төрағасы С.Социал және ауданның сала бөлім басшылары қатысты.

✔️Аудан әкімінің елді мекен тұрғындарымен кездесуі сұрақ-жауап форматында жалғасып, ауыл тұрғындары тарапынан бірқатар тақырыптар көтерілді.

✔️Ақшатау кентінің тұрғындары интернет желісінің қолжетімсіздігі, ауыл ішінің санитарлық тазалығы, тұрғын үймен қамту, жолдардың жағдайы, абаттандыру жұмыстары мен электр энергиясына қатысты мәселелерді көтерді.

✔️Ақжал кентінің тұрғындары жеке кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету, жол және тұрғын үймен қамтамасыз ету секілді мәселелерін қозғап, аудан әкіміне өз сауалдарын жолдады.

✔️Аудан басшысы өз кезегінде айтылған ұсыныс-пікірлердің, көтерілген мәселелердің барлығы жеке бақылауында болатынын айтып, кездесуді қорытындылады.

✔️Жиын соңында тұрғындарды жеке мәселері бойынша қабылдады.