
Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат отырысы өтті.
Кезекті аппарат отырысында күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. Ауыл шаруашылығы санағының өту барысы.
2. Суға шомылу маусымының аяқталуы туралы.
3. Аудан көлемінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы.
Ең алдымен, ауыл шаруашылығы санағының қазіргі жағдайы жөнінде баяндама жасалды. Санақтың маңыздылығы, фермерлік шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы құрылымдары бойынша нақты мәліметтер жинау барысы талқыланды. Әкім бұл жұмысқа жауапкершілікпен қарауды, ауыл әкімдері мен мамандардың белсенді қатысуын тапсырды. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар бөлімі суға шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары мен тіркелген оқиғалар бойынша ақпарат ұсынды. Маусым бойы жүргізілген профилактикалық шаралар мен түсіндіру жұмыстарының нәтижесі баяндалды. Әкім су қауіпсіздігі бойынша жұмыстарды маусымнан тыс уақытта да жалғастыруды тапсырды. Аудан көлемінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстары бойынша полиция бөлімі басшысының орынбасары жол-көлік оқиғаларының статистикасын, себептерін және алдын алу мақсатында атқарылып жатқан шараларды баяндады.
Отырыс соңында аудан әкімі әр сала басшысына нақты тапсырмалар беріп, алдағы уақытта көрсеткіштерді жақсарту үшін жүйелі жұмыс атқару қажет екенін атап өтті.