АУДАН ӘКІМІ АРНАЙЫ ЖҰМЫС САПАРЫНДА

АУДАН ӘКІМІ АРНАЙЫ ЖҰМЫС САПАРЫНДА

Аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы іс-сапармен Ақадыр кентінде болды. Алдымен Ақадыр кенті аумағында салынып жатқан бірқатар тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысымен танысты. Аудан әкімі мердігер мекеме өкілдерімен пікірлесіп, жауапты сала басшысына тұрғын үйдің сапасына аса мән беруді, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қосу бойынша және тұрғын үй салынып жатқан жер учаскілерін қолданыстағы заңнамаларға сәйкес рәсімдеу жұмыстарын жүргізуді және де көрсетілген мерзімде аяқталуын тапсырды. Содан кейін, кент әкімідігі мәжіліс залында жауапты мердігер мекемелердің өкілдерімен кездесу өткізді. Жүзеге асырылып жатқан құрылыс жұмыстары талқыланып, мердігер мекеме өкілдері құрылыс барысындағы өзекті мәселелер мен жоспарларымен бөлісті. Аудан әкімі өз кезегінде нысандардың халық игілігіне қызмет етуі үшін ең алдымен сапа мен жауапкершілік басты назарда болу керектігін атап өтті.
Сонымен қатар, А.Абдрахимов көшесінде орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің жаңа жабдықталған жылумен қамтамасыз ету қазандықтарын көріп, Ақадыр кентінде салынып жатқан колледж ғимаратының құрылыс жұмыстары барысымен танысты.