
Қырманды астыққа толтырып, шаруаға кәсібінің нәсібін көрсетер берекелі күз мезгілі де келіп, ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі де басталды.
Бүгін аудан орталығы Ақсу-Аюлы мен Ақадыр кентінде ауданға қарасты ауылдық кенттер мен округтердің шаруашылық өнімдерінен және басқа да тұтынушы тауарлардың кезекті жәрмеңкесі өтті.
Ет, картоп, орамжапырақ, (капуста) пияз, сүт, айран, құрт, сары май және жеміс-жидек, өрік-мейізге жәрмеңке сөрелері лық толған. Кәсіпкерлер де сырт қалмай киім-кешек, азық түлік, бал секілді қажетті тауарларын тұрғындарға төмен бағамен ұсынды.