КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ ОТЫРЫСЫ

КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ ОТЫРЫСЫ

Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат отырысы өтті.
Күн тәртібіне көшпес бұрын аудан әкімі Шет ауданының ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалған Ердос Төлегенұлы Абишевті және Шет аудандық Мансап орталығының директоры қызметіне тағайындалған Толқын Тельманқызы Ошанованы барша әріптестерінің алдында таныстырып, жаңа жұмыстарына сәттілік тіледі.

Кезекті аппарат отырысында күн тәртібіндегі:
☑️Ауданның 2025 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы;
☑️Аудан елді мекендерінде салынып жатқан құрылыс жұмыстарының барысы:
және ағымдағы жағдай мәселелері қаралып, сала бөлім басшылары хабарлама жасады.
Аудан әкімі жиын барысында экономикалық өсімді одан әрі қамтамасыз ету, экономика өсімінің оң динамикасын сақтау және оны одан әрі тұрақты дамытудың маңыздылығын атап өтіп, құрылыс сапасына мән беруді және нысандардағы жұмысты уақытылы аяқталуын жіті қадағалауды, қаралған мәселелер бойынша сала басшылары мен ауылдық округтер, кенттер әкімдеріне тиімді жұмыстар жүргізуге бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.