МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ МЕН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ МЕН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Аудан орталығындағы мәдениет үйінде 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күні және Полиция қызметшілері күніне арналған мерекелік жиын өтті. Айтулы шарада аудан әкімінің м.а. Д.Карсембаев мерекемен құттықтап, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлестерін қосып жүрген азаматтарға аудан әкімінің “Құрмет” грамоталары мен Алғыс хаттарын салтанатты түрде табыс етті. Осыдан кейін, ауданымыздағы мәдениет саласының өнерпаздары дайындаған мерекелік концерті көрермендер назарына ұсынылды.