
Кеше ауданның білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында алғашқы мәрте І аудандық көшпенділер ойындары өтті. Ақсу - Аюлы ауылының орталық стадионында өткен сайысқа аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы қатысып, барлық ауыл, кенттерден келген спортшы жастарға сәттілік тілеп, ризашылығын білдірді.
Өлкеміздегі барлық мектеп ордаларынан келген спорттық командалар «Тоғызқұмалақ», «Асық ату», «Бес асық», «Садақ ату», «Аударыспақ», «Қазақ күресі» сынды 6 спорт түрінен өзара бәсекеге түсті. Сайыс соңында жеңімпаздар медал, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды