Меню

Страницы

Статья

"Ауданда көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметтер туралы"

Ел пікірі ұлт бейнесі

Бүгінде ақпарат ағымы көз ілеспес жылдамдықта жанданған кезең болып саналатын ХХІ ғасырда адамзат баласы дамудың жаңа сатысына яғни, ақпараттық қоғамға аяқ басты. Төрткүл әлем ауқымында жүріп жатқан заманауи үрдіс пен өркениеттің көшінен біздің еліміз де қалыс қалмасы заңды дүние. Бұл өзгеріске мемлекеттік қызметтерді алуда мейлінше автоматтандырылып,  оңтайландырылу және қоғамның әрбір мүшесіне әлеуметтік коммуникация шығындарын төмендету мақсатына қызмет ететін электронды жүйе де жатпақ. Жалпылай алғанда әлемдік үрдіске сүйене отырып, Қазақстан мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша саясатты жоспарлы түрде жүргізуде.

Мемлекет басшысы 2017 жылдың 31 қаңтарындағы "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекелестік" атты халыққа арнаған  Жолдауында Мемлекеттік қызмет көрсетуді толығымен электронды форматқа көшіру керектігін айтқан болатын.

Осы мақсатты межелеуде "электрондық үкіметтің" веб-порталы табысты жұмыс жасауға көшіп, соның арқасында мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуға көбірек мүмкіндіктер пайда болды. Ендігі кезде қызметтерді Смартфондар, планшеттер, сондай-ақ,  ұялы телефон арқылы да алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электронды түрде алу тәртібі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметінің басым бағыттарының бірі.

Алайда, ащы шындық болсада электронды жүйенің жұмысы, жалпы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы халықтың көңілінен шықпай қалатын тұстары да жоқ емес. Осыған орай, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің бастауымен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына 2020 жылы Қарағанды аймағында біршама әлеуметтік зерттеулер жүргізілді.

Оның ішінде, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау параметрлері, қолжетімділік және ыңғайлылық (сервистер), қызмет көрсету мәдениеті, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, шығындары, тереңдетілген сұхбат нәтижелері, мемлекеттік органдарға «құпия сатып алушы» әдісі бойынша бару» нәтижелері мен жаппай сауалнама параметрлері бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Аталмыш зерттеулер Үкіметтік емес мамандандырылған ұйымдар арқылы  жүзеге асырылды. Басты мақсат- қызмет алушылардың сапаға, қол жетімділікке және қызмет көрсетушілердің мемлекеттік қызметтерді көрсету процедураларына қанағаттану деңгейін анықтау, проблемалық мәселелерді анықтау және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу болды. Зерттеу нысаны – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейі туралы пікірі. Кез келген демократиялық мемлекет Мемлекеттік қызмет көрсету саласын дамытуға ұмтылады, осыған байланысты Қазақстанның барлық азаматтары МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ алу кезінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне шаралар қабылдауы, электрондық-цифрлық қолтаңба мен электрондық мемлекеттік қызмет алуға ұмтылуы қажет.

Сондықтан да, барша тұрғындарымыз алдағы уақытта да жалпы халқымыздың игілігіне бағытталған жұмыстардың жүру барысын толық қолданып, қажеттілігін анық бағамдаса, кемшіл тұстарын көрсетіп, озық жүйесін қолдаса мемлекеттік қызметтер көрсету мәртебесі бұдан да биіктей береріне сеніміміз мол.

 

 

 

Шет ауданы әкімі апаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау жөніндегі маманы Жазыбекова Сағыныш Бауыржанқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
20 июня 2022
Дата обновления
20 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Шет ауданы әкімінің аппаратының Instagram парақшасы
Шет ауданы әкімінің аппаратының Facebook парақшасы
Шет ауданы әкімінің аппаратының Youtube арнасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы