Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ-да Ашық есік күні

Халық арасында ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 28 маусымда Ашық есік күнін онлайн форматта өткізеді. Әрбір ниет білдіруші онлайн платформаға қосылып, осы іс-шараға үйден шықпай-ақ қатыса алады.

Іс-шара тақырыбы – «Зейнетақы активтерін басқару: Зейнетақы активтері қалай және қайда инвестицияланады?».

Виртуалды кездесудің басты мақсаты – халықтың қаржылық-құқықтық сауатын көтеру. Іс-шара қонақтары еліміздің зейнетақы жүйесінің құрылымын біліп, инвестициялық портфель құрылымымен және зейнетақы активтерінің кірістілігін қамтамасыз ететін қаржы құралдарымен танысады.

Жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) түсіп, БЖЗҚ есепке алатын зейнетақы жарналарын зейнетақы активтерін сенімгерлік басқарушы –Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) түрлі қаржы құралдарына инвестициялайтынын еске саламыз. Қазір БЖЗҚ төрт ИПБ-мен («Jusan Invest» АҚ; «Halyk Global Markets» АҚ; «BCC Invest» АҚ және «Сентрас Секьюритиз» АҚ) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасады.

Салымшылардың зейнетақы жинақтарының сомасы апта сайын зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесіне сәйкес қайта есептеледі және қайта бағаланады. Инвестициялық табыс құрамына бағалы қағаздар (салымдар мен басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі табыс, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау түріндегі табыс, валюталық қайта бағалау түріндегі табыс, сыртқы басқарудағы активтер бойынша табыс және т.б. кіреді.

Сонымен қатар бұл іс-шара мақсаты – жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмысына қатысты басқа мәселелер бойынша да кешенді ақпарат беру.

Ашық есік күнінің 28 маусымда:

11:00-12:00 дейін - қазақ тілінде;

12:00-13:00 дейін - орыс тілінде;

15:00-16:00 дейін - қазақ тілінде;

16:00-17:00 дейін - орыс тілінде.

 онлайн форматта өтетінін еске саламыз. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e5c983b0228e5b72a285c667e1244afba сілтемесімен өту керек.

Сонан соң event-жиналыс нөмірі 25152749925 мен event-жиналыс паролі 1234 енгізіледі.

 

 

Біз Сіздерді күтеміз!

Дата публикации
07 июня 2022
Дата обновления
07 июня 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Шет ауданы әкімінің аппаратының Instagram парақшасы
Шет ауданы әкімінің аппаратының Facebook парақшасы
Шет ауданы әкімінің аппаратының Youtube арнасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы