4 ақпан күні Шет аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Мұқабаев пен комиссия төрағасының орынбасары Г.Акеева Дүниежүзілік сайлау күніне орай Шет аудандық орталық кітапханада жас сайлаушылармен «Таңдау және сайлану Конституциялық құқығы» тақырыбында кездесу өткізді.
Шараның мақсаты - жас ұрпақты сайлау процесімен тереңірек таныстыру, сайлау комиссияларының жұмысын түсіндіру, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңы бойынша мағлұмат беріп, түсіндіру, жастардың сұрақтарына жауап беру.
Кездесу барысында азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етудегі сайлау және сайлану ролі туралы және сайлау құқығының принциптері, сайлаушының құқықтық мәртебесі туралы және сайлауды өткізудің маңыздылығы туралы айтылды. Сонымен қатар, жас сайлаушылардың назарын демократиялық құндылықтарға аудару, сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері туралы мағлұмат беру, Қазақстандағы сайлау тарихы туралы хабардар ету басты назарда болды.
Кездесу барысында жастардың пікір-сұрақтарына жауап берілді.
Шет аудандық сайлау комиссиясы