Қазан айында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң
күшіне енді. Түзетулер ең алдымен мүгедек балаларға берілетін
жәрдемақыны арттыруға қатысты. Ендi кәмелетке толмағандарға
мугедектік тобы бұрынғыдай 16 жастан емес, 7 жастан бастап
тағайындалады.
Сонымен қатар, Қазақстанда мүгедектік себебіне байланысты мүмкіндігі шектеулі адамдар мен топтарға күтім жасау бойынша жаңа жәрдемақы енгiзiлдi. Оның мөлшері 48 023 теңгені құрады.
4 қарашадан бастап облыс ХҚКО жәрдемақы тағайындау ушін құжаттарды қабылдай бастады. I топтағы мүгедектер күтiмдi жузеге асыратын адамға жәрдемақы тағайындау ушiн, сондай-ақ электрондық укіметтің веб-порталы арқылы немесе I топтағы мүгедектікті алғаш рет белгiленген кезде тұрғылықты жері бойынша МӘС бөлімшесіне жүгіне алады.
I топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау үшін <<Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне өтінішпен жүгініп, оған келесі құжаттарды қоса беру керек: - жеке басты куәландыратын құжат (жеке куәлік, қандас куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат);
- I топтағы мүгедекке қамқорлық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат (осындай факт болған жағдайда);
- күтім жүзеге асырылатын адамның мүгедектігі туралы анықтама; уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді - растайтын құжат;
- психикалық денсаулық орталығында есепте тұру фактісінің жоқтығы туралы анықтама.