Меню

Страницы

Статья

Сайлау құқығы сақталады

Қарағандыда онлайн режимде азаматтардың сайлау құқықтарын сақтау мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді. Бұл семинар алдағы ауыл әкімдерін тікелей сайлауға байланысты ұйымдастырылды. Бұл туралы Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Кеңестің бастамашылары – облыстық сот пен өңірдің прокуратурасы. Бейне-байланысқа қала мен аудан әкімдері, судьялар мен прокурорлар, құқық қорғау органдарының өкілдері, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.

– Сайлау туралы заңнама жетілдірілді. Азаматтар ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін өздері таңдауға мүмкіндік алды. Сот жүйесі бұл өзгерістерге уақытылы жауап берді. 1 шілдеден бастап Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс күшіне енді, – деп атап өтті облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мұрат Туғанбаев.

Онлайн-кездесуде «Сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңының негізгі ережелері, сондай-ақ, сайлау құқықтарын қорғау туралы істерді қараудың ерекшеліктері түсіндірілді. Сайлау комиссияларының сайлауды өткізуге дайындығы туралы облыс әкімі аппаратының басшысы Даулат Ешкеев баяндады. Қарағанды облысында ауыл әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауы 25 шілдеде, 149 елдімекенде өтеді. 75 ауыл әкімі сайланады. 268 кандидат тіркелген. 81 мыңнан астам сайлаушы дауыс береді. Сайлауды өткізуге 164 сайлау комиссиясы – 15 аумақтық және 149 учаскелік комиссия жұмылдырылады.

Дата публикации
21 июля 2021
Дата обновления
21 июля 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Шет ауданы әкімінің аппаратының Instagram парақшасы
Шет ауданы әкімінің аппаратының Facebook парақшасы
Шет ауданы әкімінің аппаратының Youtube арнасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы