Меню

Страницы

Статья

Су тасқыны жағдайы бақылауда

Шет ауданының әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның жоспардан тыс отырысы өтті. Отырыста аудан аумағында көктемгі тасқын суларды өткізудің ағымдағы жай-күйі және оған дайындық мәселесі талқыланды.

Аталмыш мәселені қарастыру кезінде аудан аумағынан тасқын суларды қауіпсіз өткізу, гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіз жұмыс режимі, қорғаныс бөгеттерін ұстау және су басу қаупі бар учаскелерде тасқынға қарсы шаралар өткізуге ерекше назар аударылды.

Күн тәртібін қарау нәтижелері бойынша су басу қауіпі бар елді мекендердің әкімдеріне дайындық жұмыстарын күшейтуге және кезекшілікті ұйымдастыруға, аудан қызметтеріне төтенше жағдайлардың алдын алуға және азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің тұрақты жұмыс істеуіне бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Жиын барысында аудан аумағында көктемгі тасқын суға дайындық бойынша Шет ауданының ТЖ бөлімінің бастығы подполковник Бауыржан Арыстанбеков ағымдағы жағдайдан хабардар етті.

Ақпан айында өткен Төтенше жағдайлар комиссия отырыснда берілген тапсырмаларға сәйкес, көктемгі тасқын судың алдын алу және болдырмау жөнінде іс-шара жоспары ұсынылып, су тасқынына қарсы аудандық штаб және ауылдық округтер мен кент әкімдіктері жанынан штабтар құрылғанын жеткізді.

Су тасқынының алдын алу мақсатында аудан әкімінің резерв қорынан  22 тонна жанар-жағармай, 200 мың теңгеге азық-түлік және 20 000 дана қап қоры құрылды.

Көктемгі cу тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жоюға тартылатын күштер мен құралдар дайындыққа келтірілді (60 адам, 35 техника, 9 мотопомпа, 1 үрмелі қайық т.б. құрал жабдықтар). Ауылдық округ әкімдері шаруа қожалық иелерімен және кәсіпкерлермен төтенше жағдай кезінде техника алу жөнінде меморандумға отырып, ауыл жастары және еріктілер топтарымен кездесулер өткізді.

Қазіргі уақытта ауылдық округтер мен кенттер әкімдері алдын ала 800 тонна инерттік материалдар дайындап, елді мекендердің ішінен шамамен 12000 м3 қар шығарылды.

Сонымен қоса барлық маңыздағы автокөлік жолдарындағы жалпы саны 132 су ағар трубаларын қар мен қоқыстан тазалау жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылып, елді мекендердің ішкі көшелерінің арықтары мен су ағар трубаларын қардан тазалау жұмыстары жүргізілді.

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
17 марта 2021
Дата обновления
17 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Шет ауданы әкімінің аппаратының Instagram парақшасы
Шет ауданы әкімінің аппаратының Facebook парақшасы
Шет ауданы әкімінің аппаратының Youtube арнасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы