Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi №94 Заңының 67 бабында белгіленген санаттарға сәйкес келіп мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй сұраушыларды есепке алу тұрғылықты жері бойынша, 2 түрде құжаттар тапсыру арқылы жүзеге асырылады. Тұрғын үй алу үшін тұрғылықты жер бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қарағанды облысы бойынша филиялының Халыққа қызмет көрсету бойынша Шет ауданының №1,№2 бөлімі арқылы (ХҚКО) немесе мемлекеттік қызметтерді енді электронды үкімет веб-порталы арқылы үйден шықпай-ақ электронды түрде алуға болады. Мемлекеттік қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы алу-бұл уақытты үнемдеу (кезек күту, ХҚКО арқылы өтініш берген кезде өтінім беру үшін және нәтижелерді беру үшін келуге тура келеді), ықтимал көлік шығындарын үнемдеу. Сонымен қатар, үйде интернет желісі болмаған жағдайда, сіз өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейтін жергілікті әкімдікке (кент немесе ауылдық округ әкімінің аппараты) жүгіне аласыз. Өзімен бірге электрондық цифрлық қолтаңба болуы қажет.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi №94 Заңының 67 бабында белгіленген санаттар:
1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) көпбалалы отбасылар;
3) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтары;
4) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер;
5) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылғандар.
2020 жылдың 31 желтоқсан айына дейін Шет ауданы бойынша 343 тұлғаға электрондық қызмет көрсетілді. Соның ішінде 204 адам кезектілік тізімге тіркелді.
Қазіргі таңда, 2021 жылдың 22 ақпан айы бойынша Шет ауданының 22 елді мекенінде 598 адам кезектілік тізімінде тіркеуде тұр.
2020 жылдың қорытындысы бойынша Шет ауданында тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды үймен қамтамасыз ету үшін:
2020 жылы Шет ауданы бойынша тұрғын үй салынып, қолдануға берілген жоқ.