Бүгінгі күнде Шет ауданы бойынша жағдай қалыпты. Аудан аумағынан ағып өтетін ірілі, ұсақты 20 өзендер қысқы режимде. Қардың қалыңдығы аудан бойынша 15-35 см, мұздың қалыңдығы 65-90 см, жердегі тоңның қалыңдығы 40-70 см.
2021 жылдың су тасқынына дайындық шаралары аясында 2020 жылы жаз-күз кезеңіндегі инженерлік жұмыстар жоспарына сәйкес Шет ауданы Ақадыр кентіндегі Қыздарбеков көшесінің бойындағы темір жол вокзалының алдына су ағарға су бұру лотоктарын орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Ұзындығы 120 метрді құрайды. Аталған жұмыстар «Электржабдықтау» ЖШС тарапынан жасалды. Аталған жұмыстарды атқаруға жергілікті бюджеттен 3 398 505 тенге қаражат бөлінді.
Қарағанды облысы ТЖД-нің бульдозерінің көмегімен Шет ауданы Көктіңкөл ауылдық округіне қарасты 56-Разъезд ауылының шетіне, инженерлік жоспарға сай көктемгі еріген қардың суынан қорғану мақсатында ұзындығы 300 метр, биіктігі 2 метр болатын қорғаныс бөгеті салынды. Сонымен қатар 56-Разъезд ауылына кіретін аудандық маңыздағы грейдер жолдың су ағар кольцоларынан (6 кольцо, диаметрі 1,5м) судың ағып үлгермеуіне байланысты, жолдың үстінен 50см топырақ алынып тасталды, ұзындығы 10м.
Шет ауданы Көктіңкөл ауылдық округіне қарасты Целинная ауылындағы «Жаман-Сарысу» өзенінің бойындағы қорғаныс бөгетіне 1500м нығайту жұмыстары жүргізілді.
Шет ауданы Көктіңкөл ауылдық округіне қарасты Көктіңкөл ауылының шетіндегі қорғаныс бөгетінің осал жерлеріне 200м нығайту жұмыстары жүргізілді.
Шет ауданы Ақадыр кентінің ішкі көшелеріндегі су ағарларды кеңейту, тазалау жұмыстары жүргізілді. Ұзындығы 3 шақырым.
Шет ауданы Ақшатау кенттік округіне қарасты Жарылғап батыр ауылындағы Қарасай өзенінің арнасының шетіне қазіргі таңда 1 шақырым қорғаныс бөгеті салынды, биіктігі 1.5 метр, ені 1.5 метр.
2020 жылдың 13 қыркүйегінде Қарағанды облысы ТЖД-нің бульдозерінің көмегімен Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылдық округіне қарасты Ақтөбе ауылына баратын жолдағы көпірдің арнасына (Манақа су қоймасының су ағар қашыртқысы) 450 шаршы метр кеңейту жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі уақытта аудан аумағында орналасқан су тоғандары қысқы режимде. Шлюздары бар су тоғандарының суы қауіпсіз деңгейге дейін ағызылған.
Қазіргі уақытта ауылдық округтері мен кенттер әкімдері алдын ала инерттік материалдар дайындалуда, елді мекендердің ішінен қарды сыртқа шығару жұмыстарын уақытылы жүргізуде. Бүгінгі күнге елді мекендерден аудан бойынша шамамен 4300 м3 қар шығарылды.
Қазіргі уақытта елді мекендердің ішіндегі арықтар, ішкі көшелердегі су ағар трубаларын қардан тазалау жұмыстарын жүргізілуі қолға алуда.
Сонымен қоса барлық маңыздағы автокөлік жолдарындағы су ағар трубаларын қардан тазалау жұмыстары жоспарға сәйкес тазалау жұмыстары басталды.
Аудан аумағында қауіпті болып саналатын 31 елді-мекен. Халық саны 1405, мал басының саны 3156.
Қауіпті аймақтардағы тұрғындарды көшіру мақсатында эвакоқабылдау бекеттері дайындалған (мектеп ғимараттары), эвакуациялау маршруты анықталған. Көшіру жұмыстарының көпшілігі жақын аймақтарға жаяу жүргізілетін болады.
Көктемгі cу тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жоюға тартылатын күштер мен құралдар дайындыққа келтірілді (60 адам, 35 техника, 9 мотопомпа, 1 үрмелі қайық т.б. құрал жабдықтар).
Ауданымыздың барлық елді мекендері байланыс жүйесімен қамтамасыз етілген. 13 елді мекендерде тұрғындарды хабарландыру құрылғысы орнатылған. Басқа елді-мекендерде ұялы байланыс және телефон байланысы арқылы хабарландыру жолға қойылған.
Резерв қорында 500 тонна инертті материал, 22 тонна жанар-жағармай, 200 мың теңгеге азық-түлік және 5000 дана қап қоры құрылды.
Бұқаралық ақпарат құралдарына көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында 2 мақала жарияланды.
Сонымен қатар қауіпті саналатын елді-мекендерге наурыз айының 9 жұлдызынан бастап рейдтік іс-шаралары өткізілуі жоспарланған.
Жоспарлы 1 төтенше жағдайлар комиссиясының отырысы өткізіліп өзекті мәселелер талқыланды.
Аудан аумағында 1354 шақырым автокөлік жолдары бар. Оның ішінде 506 км республикалық маңыздағы, 460 км облыстық маңыздағы, 202 км аудандық маңыздағы және 186 км елді мекендердің ішкі көше жолдары.
Автокөлік жолдарын күтіп ұстау жұмыстарын 8 жол кәсіпорындары қамтамасыз етеді. Атап айтқанда №77, №42 жол пайдаланушы учаскелері «Бірлік» ЖШС, «Ғимарат М» ЖШС, «Кеменгер жол» ЖШС-гі, «Олжа-Жол» ЖШС-гі, «Ақадыр-Сәулет» ЖШС-гі, «Жаңа», «Бошанова А.», «Жаңғазы» шаруа қожалықтары қамтамасыз етеді.
2021 жылы аудан аумағындағы автокөлік жолдарын ағымдағы жөндеу, күтіп ұстау жұмыстарына аудандық бюджеттен 69 млн. 066 мың теңге қаралған, оның ішінде елді мекендерінің ішкі көше жолдарын күтіп ұстауға 21 млн. 066 мың теңге, аудандық маңыздағы 202 шақырым автокөлік жолдарын күтіп ұстау жұмыстарына 48,0 млн. теңге қарастырылған.
Елді мекендердің ішкі көше жолдарын күтіп ұстау, қыс айларында қардан тазарту жұмыстарары жергілікті кент, ауылдық округ әкімі аппаратары тарапынан ұйымдастырылады.
Республикалық маңыздағы автокөлік жолдарында дайындық жұмыстарын «Қазақавтожол» АҚ-ның Қарағанды облысының торабы арқылы ұйымдастырлады.
Облыстық мағңыздағы автокөлік жолдарында «Қарағанды облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарамасы» ММ-сі тарапынан ұйымдастырылады. Жол бойында күтіп ұстау жұмыстарын «Бірлік» ЖШС, «Ғимарат М» ЖШС-рі атқарады.
Аудандық маңыздағы автокөлік жолдары бойында күтіп ұстау жұмысытыр атқарылуын «Олжа-Жол» ЖШС-гі, «Ақадыр-Сәулет» ЖШС-гі, «Жаңа», «Бошанова А.», «Жаңғазы» шаруа қожалықтары қамтамасыз етеді. 2021 жылдың қантар-ақпан айларында күтіп ұстау жұмыстарын атқаруға келісім шарттар жасалған. наурыз-желтоқсан айлары аралығында күтіп ұстау жұмыстарына сатып алу конкурстары жарияланды.
Аудандық маңыздағы автокөлік жолдарын күтіп ұстау жұмыстарын жүргізетін шаруашылық құрылымдарының 50 дана техникалары бар, оның ішінде 6 дана К-700 тракторы, 3 дана автогрейдер, 12 дана МТЗ тракторы, 4 дана бульдозер, 6 дана РЕНО автокөлік техникасы, 19 дана басқада техника түрлері.
Елде мекендірдің ішкі көше жолдарын күтіп ұстау, қар шығару жұмыстарын жүргізетін мердігерлердің 47 дана техникалары жұмыс атқарады.