Меню

Страницы

Статья

«Абайлаңыз- газ баллоны » акциясы

       2020 жылдың 21-ші қараша күні 12 сағат 25 минутта Нұр-Сұлтан қаласы Шұбар шағын ауданындағы кафе ретінде іске қосылған коттеджде  газ баллоны  жарылып, ас бөлменің 20 шаршы метр төбесі опырылып ішіне түскен, нәтижесінде 1 адам қаза тауып, 33 адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алған. Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқарушылар кафе ішінен 15 газ баллонын алып шыққан.

         Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында Шет ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен  2020 жылдың 23-29  қараша күндері Шет ауданының аумағында «Абайлаңыз-газ баллоны» акциясы өткізілуде.

          Аталған акцияның аясында Шет ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің және Шет ауданы әкім аппаратының қызметкерлері Ақсу-Аюлы ауылында  орналасқан барлық газ құю бекеттеріне, асханаларға және тұрғын үй секторларында  автогаз бен тұрмыстық газ баллондарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша нұсқаулықтар өткізіліп, жадынамалар таратылуда.

         Аудан тұрғындарынан тұрмыстық газ баллондарын пайдалану кезінде төмендегі ережелерді қатаң сақтауларыңызды сұраймын:

         - 2 қабаттан жоғары қабатты тұрғын үйлерде газ баллондарын пайдаланбаңыз;

         - үй-жайларды өз бетімен газдандыруды, газ аспаптарын, баллондар мен тиек арматурасын ауыстыруды және жөндеуді жүргізбеңіз;

         -жұмыс істеп тұрған газ аспаптарын қараусыз қалдырмаңыз;

         - газдың шығуын тексеру үшін ашық отты пайдаланбаңыз (осы мақсатта сабын ерітіндісін пайдаланыңыз);

         - газ аспаптарын пайдалануға балаларды жібермеңіз және оларды қараусыз қалдырмаңыз;

Газ жабдығын орнату кезінде жиһаз бен басқа да жанғыш материалдардан келесі қашықтықты сақтаңыз:

         - ең жақын тік бетке дейін көлденеңінен 0,2 м кем емес,

         - оның үстіне жақын орналасқан көлденең бетке дейін тігінен 0,7 м кем емес,

         -жылыту радиаторларынан, басқа да жылыту аспаптары мен пештерінен кемінде 1 м;

          - ашық отпен жылу көздерінен кемінде 5 м.

Автожанармай құю станцияларында газ баллондарын құюға болмайды!

ГАЗ АҒЫП КЕТКЕН ЖАҒДАЙДА:

 - газ беруді жабыңыз;

- терезелер мен есіктерді ашыңыз;

- сіріңкені, оттықтарды жақпаңыз, жанып тұрған темекімен бөлмеге кірмеңіз;

- жарық пен электр құралдарын қоспаңыз;

 

ОҚИҒА ТУРАЛЫ ДЕРЕУ 101 НЕМЕСЕ 112 НӨМІРІ БОЙЫНША ХАБАРЛАҢЫЗ.

 

Шет ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі

 

Дата публикации
30 ноября 2020
Дата обновления
30 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Шет ауданы әкімінің аппаратының Instagram парақшасы
Шет ауданы әкімінің аппаратының Facebook парақшасы
Шет ауданы әкімінің аппаратының Youtube арнасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы