Меню

Страницы

Статья

Биыл 1411 байланыс орталығы миллионға жуық әлеуметтік кеңес берді

2020 жылғы 23 қазан                                                                   Нұр-Сұлтан қ.

Биыл 1411 байланыс орталығы

 миллионға жуық әлеуметтік кеңес берді

 

«Азаматтарға арналған үкіметтің» әлеуметтік-еңбек саласы бойынша 1411 бірыңғай байланыс орталығы биылғы 9 ай ішінде азаматтарға 912  мыңнан астам консультациялық қызмет көрсетті.

Бұл орайда ең көп қойылған сауалдар 42 500 теңге әлеуметтік төлеміне (400 мыңнан астам), зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруға (356 мыңнан астам), сондай-ақ әлеуметтік мекенжай көмегіне (50 мыңнан астам) қатысты болған.

Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби мерекесі қазан айының соңғы жексенбісіне белгіленген. Бұл күн 2011 жылы ҚР Тұңғыш Президентінің жарлығына сәйкес бекітілді. Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында жұмыс істеп жатқан 22 мыңнан астам адамның 2 мыңнан астамы - әлеуметтік блоктың қызметкерлері.

«Корпорацияның әлеуметтік саладағы рөлі тек қана 1411 байланыс орталығымен шектелмейді. Бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саласында төлемдердің 44 санаты бойынша 15 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Соның ішінде декреттік төлемдер, бала туу мен бір жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақылар, зейнетақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдер бар», - деді мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымының орынбасары Біржан Жүнісов.

Айта кету керек, биылғы 9 ай ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» әлеуметтік блогының мамандары 20,3 млн төлем жасаған. Кең тараған қызметтерге тоқталсақ, баланың тууы мен бір жасқа дейінгі күтіміне қатысты жәрдемақы – 315 397,  бір жасқа дейінгі бала күтіміне орай табысынан айрылған жағдайда тағайындалатын әлеуметтік төлем – 206 082, жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлем – 154 499.

 

Дата публикации
23 октября 2020
Дата обновления
23 октября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Шет ауданы әкімінің аппаратының Instagram парақшасы
Шет ауданы әкімінің аппаратының Facebook парақшасы
Шет ауданы әкімінің аппаратының Youtube арнасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы