РЕФЕРЕНДУМ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
Бүгін аудандық аумақтық референдум комиссиясы аудан аумағындағы учаскелік референдум комиссияларының мүшелерімен оқыту семинарын өткізді.
Іс-шараға ауданы аумағындағы барлық учаскелік референдум комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары және хатшылары қатысты.
Семинар отырысын комиссия төрағасы Берікбол Дәулетұлы ашып, референдум өткізу барысында заң талаптарын қатаң сақтау, комиссия мүшелерінің жауапкершілігі мен негізгі міндеттеріне тоқталды.
Осыдан кейін, комиссия төрағасының орынбасары Гүлмира Акеева «Референдум өткізудегі ұйымдастыру жұмыстары» тақырыбында семинар-тренинг өткізіп, дауыс беру күніндегі іс-қимыл тәртібі, құжаттамаларды рәсімдеу және комиссия жұмысының кезеңдері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Семинар барысында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауаптары берілді.