Меню

Страницы

Статья

«САНАЛЫ ТАҢДАУ – САПАЛЫ БОЛАШАҚ» АТТЫ КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ

«САНАЛЫ ТАҢДАУ – САПАЛЫ БОЛАШАҚ» АТТЫ КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ.

Бүгін Дүниежүзілік сайлау күніне орай, Шет аудандық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Саналы таңдау – сапалы болашақ» тақырыбында Шет аудандық мәслихатының төрағасы С. Социалмен кездесу кеші өтті.

Айтулы шараға Шет аудандық сайлау комиссиясы жанынан құрылған «Жас сайлаушылар клубының» мүшелері қатысты.

Кездесу барысында мәслихат төрағасы жастарға сайлау жүйесінің маңызы, оның артықшылықтары және депутаттық корпустың құзыреттілігі туралы жан-жақты мәліметтер берді.
Еркін форматта өткен кездесуде жастар өздерін қызықтырған түрлі сауалдарын жолдап, оларға тұшымды әрі толыққанды жауаптар алды.

Сонымен қатар, клуб мүшелері халық қалаулысына бірқатар ұсыныс-пікірлерін білдіріп, алдағы уақытта жастармен бірлесіп атқарылатын жұмыстар талқыланды.

Іс-шара аясында қатысушылар сайлау жүйесіне қатысты «Ашықтық», «Сайлау» тақырыптарындағы сөзжұмбақтарды топтарға бөлініп шешті.

Кездесу соңында белсенділік танытқан қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.

Дата публикации
02 февраля 2026
Дата обновления
02 февраля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Шет ауданы әкімінің аппаратының Instagram парақшасы
Шет ауданы әкімінің аппаратының Facebook парақшасы
Шет ауданы әкімінің аппаратының Youtube арнасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы