ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЙЛАУ КҮНІНЕ ОРАЙ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
Бүгін Дүниежүзілік сайлау күніне орай Шет аудандық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен аудандық агро-техникалық колледж қабырғасында «Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бергі сайлау жүйесі» атты ақпараттық танымдық кездесу өтті.
Аталған шараға оқу орнының 1–2 курс студенттері қатысты. Кездесу барысында аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Амангельдинов колледж студенттеріне «Қазақстандағы сайлау жүйесінің қалыптасуы» тақырыбында слайд арқылы мазмұнды ақпарат ұсынып, сұрақ-жауап алмасты.
Сонымен қатар, комиссия комиссия хатшысы М. Құрмашев тарапынан «Өзіңді тексеріп көр», «Кім жылдам?» атты сайлау жүйесіне қатысты топтық ойындар өткізіп, студенттер жоғары белсенділік танытты.
Кездесу соңында белсенділік көрсеткен студенттерге естелік сыйлықтар табысталды.