1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары.
2
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
"электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.
3
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
10 (он) жұмыс күні.
4
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
электрондық (толық автоматтандырылған).
5
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
эскизді (эскиздік жобаны) келісу – хаты не осы Стандарттың 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
6
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Тегін
7
Жұмыс кестесі
1) көрсетілетін қызметті берушінің-Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес түскі үзіліспен демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін;
2) порталда-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
8
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
эскиздің (эскиздік жобаның) электрондық көшірмесі.
9
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) эскиздің (эскиздік жобаның) осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған құрамы мен мазмұнына сәйкес келмеуі;
4) эскиздің (эскиздік жобаның) мақсатына қойылатын талаптар кешеніне сәйкес келмеуі;
5) эскиздің (эскиздік жобаның) негізгі параметрлерге сәйкес келмеуі;
6) эскиздің (эскиздік жобаның) объектіні нақты жер учаскесіне орналастыруға сәйкес келмеуі;
7) эскиздің (эскиздік жобаның) көшелерді, орамдарды және тұрғын үй алаптарын салудың сәулет-көркем колористикасына сәйкес түсті шешімге сәйкес келмеуі.
10
Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Өтініш берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефоны Министрліктің интернет–ресурстарында орналастырылған: www.miid.gov.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.