Меню

Страницы

Статья

Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау " мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты"

Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау " мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты"

 


1

 

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

 

Барлық түрдегі мектепке дейінгі ұйымдар (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші)

 


2

 

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

 

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 


3

 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері

 

30 минут.

 


4

 

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

 

Электрондық және (немесе) қағаз түрінде

 


5

 

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

 

Мектепке дейінгі ұйым мен баланың ата-анасының біреуі немесе заңды өкілі арасында жасалған шарт негізінде баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

 


6

 

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

 

Мемлекеттік қызмет Жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

 


7

 

Жұмыс кестесі

 

1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.
Өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09:00-ден 17:30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.edu.gov.kz;
2) порталда: www.egov.kz.

 


8

 

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

 

көрсетілетін қызметті берушіге:
1) оқуға қабылдауға жолдама (берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жарамды);
2) ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) баланың тууын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 2423 болып тіркелген) "бала денсаулығының паспорты" 026/у-3 есептік нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықта көзделген нысан бойынша баланың денсаулық паспорты);
5) баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін).
Порталға:
1) мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға жолдама (берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жарамды);
2) ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) баланың тууын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 2423 болып тіркелген) 026/у-3 "бала денсаулығының паспорты" есептік нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықта көзделген нысан бойынша баланың денсаулық паспорты (электрондық көшірмесі);
5) баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама (электрондық көшірмесі);
6) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін) (сканерленген көшірмесі, бар болса).
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушылар осы аумақта тікелей білім беру ұйымдарына осы тармақтың бірінші абзацының 4), 5) және 6) тармақшаларында және екінші абзацының 4), 5) және 6) тармақшаларында санамаланған құжаттарды шектеу іс-шараларының алынуына, төтенше жағдайдың қолданылуы тоқтатылуына қарай ұсынады.

 


9

 

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

 

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

 


10

 

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

 

Құжаттарды қабылдау сәтіне дейін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 минут.
Қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 минут.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтер, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында көрсетілген www.edu.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер"бөлімінде.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

 

 

 

 

 

Бұйрығына қосымша
Білім және ғылым министрінің
Қазақстан Республикасының
2020 жылғы 19 маусымдағы № 254

 


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 10981 болып тіркелді, 2015 жылғы 18 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 23 шілдеде № 138 (28014) "Казахстанская правда" газетінде жарияланды).

2. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 58 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда № 13255 болып тіркелді, 2016 жылғы 10 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды).

3. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 11 қазандағы № 518 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 3 қарашада № 15966 болып тіркелді, 2017 жылғы 15 қарашада ҚР НҚА электрондық түрде эталондық бақылау банкінде жарияланды).

Дата публикации
01 сентября 2020
Дата обновления
01 сентября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Шет ауданы әкімінің аппаратының Instagram парақшасы
Шет ауданы әкімінің аппаратының Facebook парақшасы
Шет ауданы әкімінің аппаратының Youtube арнасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы