1. Осы Мүгедектердi протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес әзiрлендi және мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
2. Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен немесе мүгедектің немесе оның заңды өкілінің не мүгедектіктен сенімхат алған адамның өтініші негізінде әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады– қолданыстағы заңнамаға сәйкес мүгедектердің оңалту әлеуетін ескере отырып, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі - ОЖБ) жасалады, ол организмнің бұзылған және жоғалтқан функцияларын қалпына келтіруге және / немесе орнын толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтік, кәсіптік оңалту шараларын қамтитын кешенді оңалту іс-шараларын айқындайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) есту аппараты – мүгедектерге медициналық көрсетілімдерге байланысты берілетін және құлақ iшiндегi, түтiк iшiндегi, құлақ сыртындағы, қалтадағы, көзiлдiрiк ұясындағы, ауыстырып қондырылатын, ауа және сүйек арқылы дыбысөткiзгіш болып бөлінетін микрофоннан, күшейткіш-түрлендіргіштен және телефоннан (динамика) тұратын электроакустикалық құрылғы;
2) есту аппаратын, сөйлеу процессорын ауыстыру – мемлекеттік бюджет есебінен ауыстыру мерзімін ескере отырып есту аппаратымен, сөйлеу процессорымен қамтамасыз ету;
3) есту қабілеті бұзылған мүгедек балаларды кохлеарлық имплантациядан кейін есту-сөйлеуге бейімдеу – сурдологиялық зерттеп-қарауға, консультация беруге, сөйлеу процессорын баптауға, оларды пайдалануды оқытуға және жаттықтыруға, әлеуметтік-психологиялық жұмыс жүргізуге, естуді қабылдауды, ауызша сөйлеуді және танымдық қызметті дамытуға бағытталған ата-аналар (заңды өкілдер) қатысатын іс-шаралар жүйесі;
4) кохлеарлық имплант – ішкі құлақтың жоқ немесе зақымдалған есту рецепторларының функциясын атқаратын және бас миының есту орталығына электрлік импульстерге түрленген дыбыстық ақпарат беретін медициналық аспап;
5) кохлеарлық имплантация – бұл естуді қалпына келтіруге және терең есту мүкістігі немесе саңыраулығы бар адамдарды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған іс-шаралар жүйесін электродтық естуді протездеу түрі;
6) кохлеарлық имплантқа арналған сөйлеу процессоры – кохлеарлық имплантқа берілетін механикалық табиғаттың дыбыс толқынын электрлік импульсқа айналдыратын күрделі электрондық медициналық құрылғы (бұдан әрі – сөйлеу процессоры);
7) күрделi протездiк-ортопедиялық құралдар – корсеттер, аппараттар, туторлар, обтураторлар, жамбасты мүшелегендегі, қол мен аяқтың қысқа және ұзын тұқылдарындағы протездер, қатты бекiтiлетiн протездер және күрделi ортопедиялық аяқкиiмдi қоса алғанда, басқа да протездiк-ортопедиялық құралдар;
8) мiндеттi гигиеналық құралдар – табиғи физиологиялық қажеттiлiктер мен мұқтаждықтарды қанағаттандыруға арналған құралдар;
9) проактивті көрсетілетін қызмет – қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша берілетін, қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы берілген келісімі міндетті түрде қажет болатын, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
10) протездiк-ортопедиялық көмек – мүгедектердi протездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету жөнiндегi медициналық-техникалық көмектiң мамандандырылған түрi және оларды пайдалануды үйрету;
11) протездiк-ортопедиялық құралдар – қол мен аяқты немесе дененiң басқа да мүшелерін алмастыратын, аурудың немесе денсаулықтың бұзылуы салдарынан организмнiң бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын құралдар;
12) сурдотехникалық құралдар – есту кемiстіктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға арналған техникалық құралдар, оның iшiнде байланыс пен ақпарат берудi күшейтетін құралдар;
13) техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар – протездiк-ортопедиялық және сурдо-тифлотехникалық құралдар мен мiндеттi гигиеналық құралдар;
14) тифлотехникалық құралдар – мүгедектердiң көру кемiстiгi нәтижесiнде жоғалтқан мүмкiндiктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар;
15) ұсақ протездiк-ортопедиялық құралдар – обтураторлар, бандаждар, қолды ұстағыштар, супинаторлар, пронаторлар, балалардың емдеу бұйымдары.
4. Жұмыс берушінің кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектер ОЖБ-ға сәйкес протездiк-ортопедиялық көмекпен, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдармен, мiндетті гигиеналық құралдармен Қазақстан Республикасының заңнамасына сай жұмыс берушінің қаражаты есебiнен қамтамасыз етіледi.
5. Жұмыс берушінің-жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушінің кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектер протездiк-ортопедиялық көмекпен, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдармен, мiндетті гигиеналық құралдармен мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз етіледi.
6. Мүгедектерге техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар және арнаулы жүріп-тұру құралдары сату және басқа адамға беру құқығынсыз беріледі.
7. Өтініш беруші "Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөлігіне сай оңалту құралдары мен қызметтерін ұсынуға арналған қағаз түріндегі өтінішті (бұдан әрі – өтініш) тұрғылықты жерінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясысының бөлімшелеріне;
2) тұрғылықты жері бойынша Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына, Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына (бұдан әрі – қалалық басқармалар) немесе қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері) береді.
Проактивті қызмет арқылы ресімдеу кезінде оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту құралдары мен қызметтерін ұсынуға өтініш беру талап етілмейді. "Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген.
8. Қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері өтінішті қабылдау кезінде мүгедектің жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мынадай:
1) жеке басын куәландыратын құжат туралы;
2) мүгедектікті белгілеу туралы;
3) ОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді алу үшін сұрау салуды қалыптастырады.
Еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектер протездік-ортопедиялық көмек алуға өтініш берген жағдайда қосымша мынадай:
1) мүгедектікке алып келген өндірістегі жазатайым оқиға туралы;
2) кінәсінен еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан жұмыс беруші-жеке кәсіпкер қызметінің тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы мәліметтер сұратылады.
Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар өтінішке Ұлы Отан соғысының қатысушысының, мүгедегінің жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедегіне теңестірілген адамның куәлігін береді.
Ақпараттық жүйелерден мәліметтер болмаған жағдайда, өтінішке қағаз тасығыштағы тиісті құжаттардың көшірмелері және салыстырып тексеру үшін төлнұсқалары қоса беріледі.
9. Өтінішті қабылдаған қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері мен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшелерінің мамандары құжаттар топтамасының толықтығын тексереді.
10. Құжаттарды беру кезінде өтініш берушіге:
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелерінде – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат;
қалалық басқармалар мен жұмыспен қамту бөлімдерінде – тіркелген және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері өтініш берушіге қабылданған шешім туралы өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабарлар жіберу арқылы хабарлайды.
11. Өтініш беруші тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
12. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жұмыспен қамту бөлімі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей ұсынады.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшесінің қызметкерлері қабылдайтын құжаттар қалалық басқармаларға және жұмыспен қамту бөлімдеріне беріледі.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін қалалық басқармаларға және жұмыспен қамту бөлімдеріне береді. Өтініш беруші бір ай өткеннен кейін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшелерінің сұрау салуы бойынша қалалық басқармалар мен жұмыспен қамту бөлімдері бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды өтініш берушіге беру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшелеріне жібереді.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сай беріледі.
14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қалалық басқармалардың, жұмыспен қамту бөлімдерінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшелерінің және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
1) қалалық басқармалардың, жұмыспен қамту бөлімдерінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген мекенжайлар бойынша қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері басшыларының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе Жұмыспен қамту бөлімдерінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, жұмыспен қамту бөлімінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшелері қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшесінің басшысына жіберіледі.
Қолма-қол да, пошта арқылы да келіп түскен шағымның "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшелерінің кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жұмыспен қамту бөлімдерінің немесе бөлімшелерінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
15. "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Е-Собес" ААЖ) арқылы ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының тіркелген телефон нөміріне протездік-ортопедиялық көмек ұсыну оңалтудың жеке бағдарламасы болған кезде қызмет беруші өтініш берушіге осы қызметтер бойынша құжаттарды ресімдеуге келісім алу немесе бас тарту үшін проактивті форматта sms-хабарлама бастамашылық етеді.
Өтініш беруші смс-хабарлама арқылы тиісті кодпен проактивтті форматта қызметтер көрсетуге келісімді немесе бас тартуды растайды.
16. Өтініш берушінің белсенді қызмет көрсетуге келісімін, сондай-ақ өтініш берушіден өзге де қажетті мәліметтерді, оның ішінде қолжетімділігі шектеулі мәліметтерді алғаннан кейін өтініш берушінің ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы растау туралы хабарлама жіберіледі.
Белсенді қызмет арқылы протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды ресімдеуге өтініш берген күн болып ресімдеуге келісім алған күн саналады.
17. Проактивті қызмет арқылы мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу кезінде осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін ақпараттық жүйелерге сұрау салу "Е-Собес" ААЖ арқылы жүзеге асырылады.
18. Өтініш берушінің келісімі күнтізбелік он күн ішінде болмаған немесе проактивті қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда өтініш берушінің "Е-Собес" ААЖ-дағы ұялы телефонына бас тарту себептері көрсетілген мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеудің мүмкін еместігі және қалалық басқармаға, жұмыспен қамту бөліміне немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне жүгіну қажеттігі туралы sms-хабар жіберіледі.
19. Проактивті қызмет алуға келісім алған жағдайда қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің қызметкері "Е-Собес" ААЖ арқылы өтініш берушіге мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу туралы қабылданған шешім туралы өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы хабарлайды.
Sms-хабарлар осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша sms-хабарлар журналында тіркеледі.
20. Қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің маманы өтініштегі деректерді, сондай-ақ ОЖБ-ның орындалуы не орындалмауы жөніндегі деректерді "Е-Собес" ААЖ енгізеді. ОЖБ іс-шараларын Портал арқылы іске асырған кезде "Е-Собес" ААЖ орындалу автоматты түрде қойылады.
Жұмыспен қамту бөлімдері ОЖБ өтінішінің негізінде Портал арқылы немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес протездік-ортопедиялық құралдардың тізбесі мен санын көрсете отырып, оларға қажеттілікті қалыптастырады.
21. Протездік-ортопедиялық көмекті көрсету Портал арқылы немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Протездік-ортопедиялық көмекті Портал арқылы алу үшін өтініш беруші Заңның 32-2-бабына сәйкес http://aleumet.egov.kz Порталында электрондық-цифрлық қолтаңбасы арқылы тіркеледі.
Өтініш берушіде интернет-ресурс болмаған жағдайда өтініш беруші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелеріне, жұмыспен қамту орталықтарына немесе жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгінеді.
Өтініш беруші Порталда өзінің қажеттіліктерінің талаптарын ескере отырып, протездік-ортопедиялық көмекті көрсету туралы шарт жасалатын өнім берушіні таңдайды.
22. Мүгедектерді, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн, сондай-ақ жеңілдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестірiлген адамдарды протездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды жөндеу мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен жүргiзіледi.
23. Облыстық басқармалар, қалалық басқармалар мен жұмыспен қамту бөлімдері протездiк-ортопедиялық көмекке мұқтаж және осы көмектi мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен алған мүгедектердiң есебiн жүргiзедi. Облыстық басқармалар (қалалық басқармалар) облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қалаларының денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесіп мүгедектердi протездiк-ортопедиялық көмек алуға жiберу жұмысын ұйымдастырады.
Мүгедектердi қайта протездеуге жiберу не протездiк-ортопедиялық аяқкиiммен қамтамасыз ету протездердi және басқа да протездiк-ортопедиялық құралдарды ауыстырудың осы Қағидаларда белгіленген мерзiмдерінде жүргізіледi.
24. Протездік-ортопедиялық көмекке мұқтаж мүгедектердің тапсырыстарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес облыстық (қалалық) басқарма айқындайтын немесе Портал арқылы таңдалған өнім беруші (бұдан әрі – өнім беруші) жүзеге асырады.
Тапсырыстың сипаты мен түрiне қарай өнім беруші мүгедектi стационарлық протездеу не тапсырысты оның қатысуынсыз орындау үшін шақырып алудың қажеттілігі туралы шешiм қабылдайды. Шақыру алдын ала жiберiледi.
25. Мүгедектердің қалауы бойынша тапсырыстар үйде қабылданады. Өнім берушінің шығуы бойынша шығыстардың ақысын төлеу мүгедектердің есебінен жүзеге асырылады.
26. Протездеуге келген мүгедектер өнім берушiге:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қамтамасыз ету кезінде облыстық басқарманың (қалалық басқарманың) жолдамасын;
2) емдеуші дәрiгердiң жолдама-ұсынымын, бастапқы протездеу кезiндегi ауру тарихынан үзiнді көшірмені;
3) рентген суреттерiн;
4) мүгедектің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын;
5) кеуде қуысын флюорографиялық зерттеу нәтижелері туралы дәрігердің қорытындысын ұсынады.
27. Өнім беруші барлық протездiк-ортопедиялық құралдарға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша протездеу картасын және осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тапсырыс бланкiсiн толтырады. Протездеу картасы тұрақты, тапсырыс бланкiсi 5 жыл сақталады, Портал арқылы қамтамасыз ету кезінде протездеу картасы және тапсырыс бланкісі мүгедектің жеке кабинетінде көрсетіледі.
28. Протездеу картасында протездiк-ортопедиялық құралдың, протездiк-ортопедиялық аяқкиiмнiң бұдан бұрын берiлген және жөнделген уақыты, сондай-ақ мүгедектiң мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен протезделу құқығы көрсетіледi.
29. Тапсырыс бланкiсiне протездiк-ортопедиялық бұйымның құны туралы деректер, адамның мәртебесiн растайтын куәлiктiң нөмiрi, оны кiмнің және қашан бергенi енгiзіледi.
30. Мiндетті түрде өлшеп көрудi талап ететiн дайын протездiк-ортопедиялық құрал тапсырыс берушінің жеке өзiне беріледi. Өлшеп көру талап етілмейтiн жағдайларда, алуға сенімхаты болса, бұйымды басқа адамға беруге жол беріледi не ол тапсырыс берушінің тұратын жерiне мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен жiберіледi.
31. Өнім беруші ай сайын мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен дайындалған протездiк-ортопедиялық құралдар мен протездiк-ортопедиялық аяқкиімнің есебiн жүргiзедi және осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олардың ведомосын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қамтамасыз еткен кезде ақы төлеу үшін облыстық басқармаға (қалалық басқармаға) ұсынылатын орындалған қызметтердi қабылдау-тапсыру актiсiн (еркін нысанда) жасайды.
Мүгедек өнім берушіні Портал арқылы таңдаған кезде осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша протездік-ортопедиялық құралдардың және протездік-ортопедиялық аяқ киімнің ведомосы, сондай-ақ орындалған қызметтердi қабылдау-тапсыру актiсi Порталда өнім берушінің жеке кабинетінде қалыптастырылады.
32. Күрделi протездiк-ортопедиялық құралдар кезектілік тәртiбiмен, тапсырыстар өндiрiске берiлген күннен бастап 45 жұмыс күнінен асырылмай дайындалады.
33. Ұсақ протездiк-ортопедиялық құралдар осы тәртіппен, тапсырыстар өндiрiске берiлген күннен бастап 7 жұмыс күнінен асырылмай дайындалады.
34. Тапсырыс берушінің өлшеп көруге келуiн күту кезiнде бұйымның жатып қалған уақыты протездiк-ортопедиялық құралдың дайындалу мерзiмiне енгiзiлмейдi.
35. Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық аяқкиiмдi жөндеу олардың өз қаражаты есебiнен кезектілік тәртiбiмен жүргiзіледi.
36. Протездеуге барумен, өнім берушінің медициналық стационарына жатқызумен, протездеу уақытында қамтамасыз етумен байланысты шығыстарды өнім беруші мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен төлейдi.
37. Жол жүру (өнім берушіге дейiн және керi қарай) темiр жолда – қатты плацкарт вагон, мүгедектер үшін арнайы вагон тарифi бойынша, су жолдарында – екiншi класс тарифi бойынша, тас немесе топырақты жолдарда – белгіленген тарифтер бойынша, ұсынылған билеттiң немесе темiржол вокзалы, автовокзал, айлақ кассасы берген анықтаманың негiзiнде өтеледі.
Мүгедектерге протездеуге жолақы төлеу жылына екi сапардан асырмай жүргізіледі. Бiрiншi топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларды протездеуге ертiп жүрушілерге, сондай-ақ бандаждармен қамтамасыз етілуге құқығы бар мүгедектерге жол шығыстары бiр сапарға ғана өтеледі.
38. Мүгедектер шино-былғары, құрастырмалы протездермен, қазiргi заманғы технологиялар бойынша жасалған протездермен, олардың құрылғыларымен, тұқылдарға кигiзетiн тыстармен, ортопедиялық аппараттармен, салынатын кебiстермен, тiреуiш-протездермен, таяқтармен, балдақтармен, жетек арбалармен қамтамасыз етіледi.
39. Қолдың және аяқтың негiзгi протезi берiлгенге дейiн мүгедектер медициналық көрсетілімдері бойынша кию мерзiмi 6 айдан аспайтын оқу-жаттығу протездерiмен қамтамасыз етіледi.
Мүгедектер құрылғысы бар жұмыс протездерiмен өздерiнiң қалауы бойынша бұйымның негiзгi түрiмен бiр мезгiлде қамтамасыз етіледi.
40. Шино-былғары, құрастырмалы протездер, ортопедиялық аппараттар олар жарамсыздыққа ұшырағаннан кейiн, бiрақ алынған күнінен бастап кемiнде 1 жылдан кейiн ауыстырылады.
41. Қазiргi заманғы технологиялар бойынша дайындалған аяқ және қол протездерінiң құрамындағы құрастырушы түйiндер мен бұйымдарды ауыстыру, олар алынған күннен бастап кемiнде 3 жылдан, мүгедек балалар үшiн – кемiнде 2 жылдан кейiн;
құрастырушы түйiндер мен электрондық тізе модулі бар бұйымдарды алмастыру, олар алынған күннен бастап кемінде 5 жылдан кейін жүргізіледі;
синтетикалық шайырлар негiзiнде дайындалған косметикалық қаптау, табандар, қабылдау гильзасы, тыстарды ауыстыру – 1 жылға дейiн;
кеуде безi протездерiн, жетек арбаларды ауыстыру – олар алынған күннен бастап 2 жылдан кейiн, таяқшалар мен балдақтарды кемiнде 1 жылдан кейін жүргiзіледi.
42. Аяқ немесе қолдың екi протезiн (негiзгі және қосалқы немесе негiзгi және жұмыс протезi) бiр мезгілде алған мүгедектерге оларды ауыстыру кемiнде екi кию мерзiмі өткеннен кейiн жүргiзіледi.
43. Аяқ протездерiн беру кезiнде жыл сайын әрбiр протезге 3-тен тұқыл тысы беріледi. Кеуде безi протездерi екi iшкиiм (бюстгалтер) жиынтығымен бiрге беріледi.
44. Егер кию мерзiмi өткеннен кейiн протез жарамды жай-күйде болса және мүгедек келесi кию мерзiмi өткенге дейін жаңа протезге тапсырыс бергісi келмесе, оған осы кезеңге бiр протездi пайдалану есебiнен белгіленген санда тыстар беріледi.
45. Протездердi, оның iшiнде жаңа модельдерін мерзiмiнен бұрын ауыстыру, сондай-ақ оларды кию мерзiмiн ұзарту, жөндеу туралы, шино-былғары протездерден құрастырмалы протездерге, жаңа (заманауи) технологиялар бойынша дайындалған электрондық модульдері бар протездерге өту туралы шешімді комиссия қабылдайды және өнім беруші жасайтын тиiстi актінің негiзiнде жүргiзіледі. Комиссия өнім берушiнің кінәсiнен бұйымның сапасыз жасалу фактісiн анықтаған кезде, ақауды жөндеу соның қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
46. Мүгедектер ортопедиялық аяқкиімнiң мынадай түрлерiмен: күрделi, шамалы күрделi, протездерге және ортопедиялық аппараттарға арналған аяқкиiммен қамтамасыз етіледi.
Күрделi ортопедиялық аяқкиiм аяқ 3 см-ге және одан да жоғары қысқартылғанда, паралитикалық, варустық, эквиноварустық, вальгустық, жазық вальгустық және қуыс табандық, маймақ аяқтық, шораяқтық, табанның Шопар, Гритти, Лисфранк және Пирогов әдiсi бойынша кесiлген тұқылы кезiнде жасалады.
Шамалы күрделi ортопедиялық аяқкиiм аяқ 3 см-ге дейiн қысқартылғанда, табан сүйектерiнің басы үлкейгенде, ұзына бойы және көлденең жалпақ табандық, башайлар шүрiппе және балға тәрiздес болғанда, өкше сүйегіне темiр орнатылғанда және табанның өзге де паталогиясы кезiнде жасалады.
47. Күрделi ортопедиялық аяқкиiм (етіктен басқа):
1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға екі жұп (жазғы немесе қысқы) тапсырыс берiлген сәттен бастап есептегенде, бiр жыл пайдалану мерзiмiмен;
2) бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектерге жылына бiр жұп көлемінде (жазғы немесе қысқы);
3) мүгедек балаларға – жылына екі жұп (жазғы және қысқы) беріледi.
48. Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне жеңілдiктер бойынша оларға теңестірiлген адамдарға екi қолы бiрдей кесiлгенде не екi қолының функциялары күрт төмендегенде не омыртқа жотасы зақымданғанда, сондай-ақ жамбас-сан буындарындағы анкилоздар кезінде бүйiрлік резеңкелерi бар аяқкиiм беріледi.
49. Жалпы аурудан және бала жасынан болған үшiншi топтағы мүгедектерге күрделi ортопедиялық аяқкиiм (жазғы немесе қысқы) 50 пайыздық құн жеңілдiгімен беріледi.
50. Ортопедиялық аяқкиiм дайындау технологиясында көзделгендерден тыс қызметтер мен жұмыстарға (өрнектi тiгiс, микросаңылаулы ұлтан, сыздықты әрлеу, үлбiрлi жылылық не басқа да жақсартылған әрлеу), дайындау жеделдігіне Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн, сондай-ақ жеңілдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестірiлген адамдарды және мүгедек балаларды қоспағанда, тапсырыс берушілер ақы төлейдi.
51. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестірiлген адамдарға тапсырыс берілген сәттен бастан есептегенде, 1 жыл кию мерзiмiмен протездерге арналған бiр жұп аяқкиiм беріледi.
Мүгедек балаларға тапсырыс берiлген сәттен бастап 1 жыл кию мерзiмiмен екi жұп (жазғы және қысқы мауыты) аяқкиiм беріледi.
52. Бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектерге протездерге арналған аяқкиiмнің бiр жұбы құнының 50 пайыздық жеңiлдiгiмен беріледi.
Үшіншi топтағы мүгедектерге мұндай аяқкиiм олардың өз қаражаты есебiнен дайындалады.
53. Жеңiлдiкпен не тегiн протездеуге құқығы бар мүгедектер бiр аяғы кесiлген кезде белгiленген тәртiппен сау аяғына жартылай жұп аяқкиiммен қамтамасыз етіледi.
54. Мүгедектерге ортопедиялық немесе протездiк бәтеңкелердiң орнына, олардың қалауы бойынша, өз қаражаты есебiнен етiктер дайындалады. Бұл жағдайда тапсырыс берушілерге бәтеңке жасауға көзделген сомада етiктің құнына жеңiлдiк беріледi.
55. Пайдалану мерзiмi 1 жыл емдеу-профилактикалық протездiк-ортопедиялық құралдармен:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектерi, сондай-ақ жеңілдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестірiлген адамдар;
2) мүгедек балалар қамтамасыз етіледi.
56. Жалпы аурудан және бала жасынан болған бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектер, егер олар бұл азаматтарды мүгедектiкке әкеп соқтырған ауруды не жарақатты емдеуге арналса, емдеу-профилактикалық протездiк-ортопедиялық құралдармен 1 жыл пайдалану мерзiмiмен 50 пайыздық жеңiлдікпен қамтамасыз етіледi.
57. Жейде киюге арналған құрылғы, колготки киюге арналған құрылғы, шұлық киюге арналған құрылғы, түйме тағуға арналған құрылғы (ілмек), белсенді ұстағыш, ыдыс-аяқты ұстауға арналған ұстағыш, қақпақтарды ашуға арналған ұстағыш, кілтке арналған ұстағыш 5 жылдан бұрын ауыстырылмайды.