|
8
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
|
1. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде: машиналарды тіркеу кезінде: 1) өтініш; 2) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін); 3) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмелері; 4) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 553 және 615-баптарында белгіленген баждар мен алымдардың төленгенін растайтын құжат; 5) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 695 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12565 болып тіркелген) бекітілген өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімдердің (тауарлардың) тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) енгізілген машиналарды бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындағанын растайтын құжат; 6) машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар: азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар; сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының орындалуға жататын мемлекеттік органның іс-қимылдары туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы; кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері әкету туралы міндеттеме); 7) жаңа және жеке техникалық шығармашылық нәтижесі болып табылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген машиналарға арналған Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификаты немесе олардың Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 60 шешімімен бекітілген "Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторларының және оларға арналған тіркемелердің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (бұдан әрі – техникалық регламент) 6-бабына сәйкестігін растайтын басқа да құжат; машиналарды қайта тіркеу кезінде: меншік құқығы өзгерген немесе ортақ меншік пайда болған, тоқтатылған және машиналардың ортақ иелерінің құрамы өзгерген немесе машина иеленушінің (иесінің) тұрғылықты жері (заңды мекенжайы) өзгерген жағдайларда немесе машина иеленушінің (иесінің) ерік білдіруі бойынша, машина тіркелген адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі өзгерген жағдайларда: 1) өтініш; 2) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін); 3) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмелері; 4) Салық кодексінің 553 және 615-баптарында белгіленген баждар мен алымдардың бюджетке төленгенін растайтын құжат. Қайта жабдықтау немесе нөмірлік агрегаттарын ауыстыру, арнайы жабдық орнату және өзге де осыған ұқсас өзгерістер салдарынан машина типі өзгерген жағдайда: 1) өтініш; 2) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін); 3) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмелері; 4) Салық кодексінің 553 және 615-баптарында белгіленген баждар мен алымдардың бюджетке төленгенін растайтын құжат; 5) машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар, оларға мыналар жатады: азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар; сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының орындалуға жататын мемлекеттік органның іс-қимылдары туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы; кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (ЕАЭО елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері әкету туралы міндеттеме); машиналарды тіркеу есебінен шығару кезінде (кәдеге жаратудан, жарамсыз деп танудан, есептен шығарудан, машинаны қызмет көрсетілетін аумақтан тыс жерге көшіруден басқа, сондай-ақ машинаны иеліктен шығару жөніндегі мәміленің алдындағы іс-қимылдар жағдайында): 1) өтініш; 2) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін); 3) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмелері; 4) машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар, оларға мыналар жатады: азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар; сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының орындалуға жататын мемлекеттік органның іс-қимылдары туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы; кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (ЕАЭО елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері әкету туралы міндеттеме); тіркеу құжатының телнұсқасын және (немесе) жаңа нөмірлік белгі алған кезде: 1) өтініш; 2) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін); 3) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмелері; 4) Салық кодексінің 553 және 615-баптарында белгіленген баждар мен алымдардың төленгенін растайтын құжат. Ескертпе: *"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болады; 2. Порталға жүгінген кезде мынадай құжаттарды ұсынады: машиналарды тіркеу кезінде: 1) өтініш; 2) тізбеге енгізілген машиналарды бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындағанын растайтын электрондық құжаттар; 3) Салық кодексінің 553 және 615-баптарында белгіленген баждар мен алымдардың төленгенін, ЭҮТШ арқылы төлем жағдайларын қоспағанда, растайтын құжаттың электрондық көшірмесі; 4) машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар, оларға мыналар жатады: азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар; сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының орындалуға жататын мемлекеттік органның іс-қимылдары туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы; кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (ЕАЭО елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері әкету туралы міндеттеме); 5) жаңа және жеке техникалық шығармашылық нәтижесі болып табылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген машиналарға арналған Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификаты немесе олардың техникалық регламенттің 6-бабына сәйкестігін растайтын басқа да құжат. машиналарды қайта тіркеу кезінде: меншік құқығы өзгерген, ортақ меншік пайда болған, тоқтатылған және машиналардың ортақ меншік иелерінің құрамы өзгерген, машина иеленушінің (меншік иесінің) тұрғылықты жері (заңды мекенжайы) өзгерген жағдайларда, машина иеленушінің (меншік иесінің) ерік білдіруі бойынша, машина тіркелген адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі өзгерген жағдайларда: 1) өтініш; 2) Салық кодексінің 553 және 615-баптарында белгіленген баждар мен алымдардың төленгенін, ЭҮТШ арқылы төлем жағдайларын қоспағанда, растайтын құжаттың электрондық көшірмесі. Қайта жабдықтау немесе нөмірлік агрегаттарды ауыстыру, арнайы жабдық орнату және өзге де осыған ұқсас өзгерістер салдарынан машина типі өзгерген жағдайда: 1) өтініш; 2) Салық кодексінің 553 және 615-баптарында белгіленген баждар мен алымдардың төленгенін, ЭҮТШ арқылы төлем жағдайларын қоспағанда, растайтын құжаттың электрондық көшірмесі; 3) машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар, оларға мыналар жатады: азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар; сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының орындалуға жататын мемлекеттік органның іс-қимылдары туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы; кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (ЕАЭО елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері әкету туралы міндеттеме). машиналарды тіркеу есебінен алу кезінде (кәдеге жаратудан, жарамсыз деп танудан, есептен шығарудан, машинаны қызмет көрсетілетін аумақтан тыс жерге көшіруден басқа, сондай-ақ машинаны иеліктен шығару жөніндегі мәміленің алдындағы іс-қимылдар болған жағдайда): 1) өтініш; 2) машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар, оларға мыналар жатады: азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар; сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының орындалуға жататын мемлекеттік органның іс-қимылдары туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы; кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (ЕАЭО елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері әкету туралы міндеттеме); тіркеу құжатының телнұсқасын және (немесе) жаңа нөмірлік белгі алу кезінде: 1) өтініш; 2) Салық кодексінің 553 және 615-баптарында белгіленген баждар мен алымдардың төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (ЭҮТШ арқылы төлем жағдайларын қоспағанда). Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, сондай-ақ ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда, машиналарды тіркеу үшін бюджетке алым мен баж төлеу туралы мәліметтерді тіркеу пунктінің (көрсетілген қызметті берушінің) жұмыскері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады. Көрсетілетін қызметті алушылардан тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Машинаны алғашқы тіркеу жағдайларында: көрсетілетін қызметті алушыларға машиналарды қарап-тексеру бойынша фотоматериалдар ұсынуға арналған өлшемшарттарға сәйкес тіркелетін машинаны (Қазақстан Республикасының аумағында машиналарды өндірушінің ресми дилерінен (өкілінен) сатып алынған машиналарды қоспағанда) қарап-тексеру фотоматериалдары (тексерілетін машинаның зерттеу объектісін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін түрлері қамтылған) ұсынылады. Өкілдер тіркеу іс-қимылдарын меншік иесінің немесе иеленушінің атынан жүзеге асырған жағдайда, осы тармақта белгіленген құжаттардан басқа тіркеу пунктіне (көрсетілген қызметті берушіге) меншік иесінің немесе иеленушінің мүдделерін білдіру өкілеттігін куәландыратын құжаттар ұсынылады. Егер, бұрын Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуде болған машина мемлекеттік тіркеуге жататын болса, онда осы тармақта белгіленген құжаттардан басқа, тіркеу пунктіне (көрсетілген қызметті берушіге) бұрынғы тіркеу құжаты ұсынылады, алайда аталған құжатты ұсынбау мемлекеттік тіркеуді жүргізуден бас тарту үшін негіз болып табылмайды. Машиналарды тіркеуді қоса алғанда, тіркеу іс-қимылдарын жүзеге асырған жағдайда, меншік иелері болып табылмайтын адамдарға иелік ету құқығын растайтын мынадай құжаттар ұсынылады: шарт (жалдау, қосалқы жалдау, лизинг, қосалқы лизинг, кепілзат) және машинаны қабылдау-тапсыру актісі; меншік иесі қол қойған (жеке тұлғалар үшін), заңды тұлғаның бірінші басшысы қол қойған (заңды тұлғалар үшін) машина иесінің тиісті тіркеу іс-қимылдарын жасауға жазбаша келісімі. Егер, тіркеу іс-қимылдары жасалатын машина ортақ меншікте болса, онда тіркеу құжаттарында барлық меншік иелері көрсетіледі және барлық құжаттар машинаның барлық иелерінің атынан беріледі. Нотариат куәландырған мәміле жеке тұлғалардың ортақ меншігін иеліктен шығару үшін негіз болып табылады. Меншік иелері 14 жасқа жетпеген кәмелетке толмаған азаматтар болып табылған жағдайда, олардың атынан тіркеу іс-қимылдарын ата-аналары (асырап алушылары) немесе қорғаншылық және қамқоршылық органдары туу туралы куәлік ұсына отырып жасайды. Меншік иелері 14 жастан 18 жасқа дейінгі адамдар болып табылған жағдайда, тіркеу іс-қимылдары осы адамдар ата-аналарының (асырап алушыларының) немесе қорғаншылық және қамқоршылық органдарының жазбаша келісімімен туу туралы куәлік ұсына отырып жасайды. Заңды және жеке тұлғалар машиналарды аукциондар мен сауда биржалары арқылы сатып алған жағдайда: уәкілетті адамдардың қолдары қойылған аукцион хаттамалары мен сатып алу-сату шарттары ұсынылады.
|