Меню

Страницы

Статья

Референдум - халық таңдауы

Референдум – халық таңдауы!

 

Қазіргі таңда ел арасында өте қызу жүріп жатқан басты тақырып Президент Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен тағайындалып, ағымдағы жылдың 6 қазаны күні өтетін жалпыұлттық референдум туралы. Мақсаты еліміздеатом электр станциясын салу мәселесін азаматтардың пікірін ескере отыра,жалпы ұлттық референдум арқылы шешу. Осыған орай, жуырда аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Б.Амангельдиновті сұхбатқа тартқан болатынбыз.

  • Берікбол Дәулетұлы жуырда елімізде үлкен саяси науқан өтпек. Жалпы референдум өткізу бізге керек пе?

Б.Дәулетұлы – аудандық рефрендум комиссиясының төрағасы.

Сұрағыңызға рақмет. Референдум- ең алдымен халықтың пікірімен санасу, ойы мен шешіміне құрметпен қарау.Референдум еліміз үшін маңызды қадам. Осыған дейін айбынды Ата заңымыз және кейінгі конституцияға өзгерістер енгізу бұқара қауымның пікірін ескере отыра, рефрендум арқылы бекітілгендігін білесіз. Себебі, кез – келген демократиялы мемлекет өз халқының ойымен, пікірімен санасуы қажет. Алдымыздағы айдың 6 қазаны күні де жалпыұлттық рефрендум өтеді. Онда азаматтарымыз «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?», - деген сауалға өз таңдауларын жасайтын болады.

  • Референдум өткізуге біздің ауданның дайындығы қалай?

Б.Дәулетұлы – аудандық рефрендум комиссиясының төрағасы.

  • Ауданымызда бүгінгі күні алдағы референдумды өткізуге жалпы саны 52 комиссия мүшелері жұмыс жасауда. Оның ішінде 1 аумақтық және 51 учаскелік рефрендум комиссиялары өлкеміздегі дауыс беру құқығы бар 24 мыңға жуық азаматтарымыздың өз таңдауын жасауларына қызмет көрсетеді. Олардың барлығы жергілікті әкімдіктер арқылы қажетті материалдық – техникалық құрал – жабдықтармен әрі су, тоқ секілді өзге де қажетті дүниелермен қамтамасыз етілген. Азаматтардың дауыс беру тізімінде бар – жоқтарын тексеруге арналған колл орталықтары тәулік бойы қызмет көрсетуде. Ал, аумақтық референдум комиссиясы тарапынан учаскелік комиссия мүшелерін кәсіби мамандардың қатысуымен үнемі оқытулардан өткізіп отырамыз. Сондай – ақ, әр комиссия мүшесі жұмысын бастамас бұрын орталық референдум комиссиясы бекіткен тест сұрақтарына жауап береді.
  • Сіздің ойыңызша АЭС салудың қаншалықты маңызы бар?

Ең біріншіден ҚР «Сайлау туралы» конституциялық заңына сәйкес, Мен комиссия төрағасы ретінде үгіт – насихат жұмыстарына қатыса алмаймын.  Жалпы кез – келген комиссия мүшелерінің үгіт – насихат жұмыстарын жасауына заңмен тиым салынады. Алайда, жеке азамат ретінде сол күні өз ұстанымымды білдіремін. Бұл менің азаматтық парызым. Әрине, республика көлемінде бұл мәселе бойынша азаматтардың пікірлері әр алуан. Атом саласының маманы болмағандықтан АЭС салу дұрыс па әлде бұрыс па дегенге  нақты өз ойымды қоса алмаймын. Бұл тақырыпта сала мамандары, белгілі ғалымдар жер – жерлерде түсіндіру – ақпараттық жұмыстарын жасауда. Біздің басты мақсатымыз ел болашағы үшін маңызды науқанды заңдылықтар аясында әділ өткізу. Сондықтан барша аудан азаматтарын 6 қазанда өтетін референудмға біркісідей белсене атсалысуға шақырамын. Әркімнің таңдауы маңызды!

Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбат алушы «Шет шұғыласы» газетінің бас редакторы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі М.Сәдуақасов.

Дата публикации
03 октября 2024
Дата обновления
03 октября 2024
Тип
Сұхбат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Шет ауданы әкімінің аппаратының Instagram парақшасы
Шет ауданы әкімінің аппаратының Facebook парақшасы
Шет ауданы әкімінің аппаратының Youtube арнасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы