Меню

Страницы

Статья

«Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың қолжетімді және ыңғайлы арнасын құру» - біз үшін басым міндет

Ағымдағы жылғы 15 наурызынан бастап әлем бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты еліміздің барлық аумағындағы және оның жекелеген жерлерінде карантин режимі енгізілген.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы жолдауында аса көрегендікпен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азайту және 2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы, ал 2020 жылы кемінде 90 пайызы электронды форматқа көшірілу қажеттігі тапсырылған.

Жалпы, халыққа қызмет көрсету бөлімдерінінің уақытша жаба тұруы және олардың жұмысы онлайн режимге көшуі мемлекеттік қызмет саласын цифрландыруды жеделдетуде және азаматтардың уақыты мен қаржысын үнемдеуде оң әсерін тигізді.

Мысалы, карантин басталғалы бері «электронды үкімет» порталы арқылы 5,3 млн. астам қызмет көрсетілді.

Сонымен қатар, күні кешеге дейін ЭЦҚ алу процесі азаматтар үшін қиындықтар туғызып, ХҚКО міндетті түрде баруына тура келген болатын.

Ал одан бас тарту және өзгеше алу жолдары біраз жылдар бойы талқыланған болатын. Алайда, қазіргі орын алған жағдай осы мәселенің қысқа уақыт ішінде өз шешімін табуына алып келді.

Осылайша, 2020 жылдың бірінші тоқсанында 3 млн. жуық ЭЦҚ алынды, бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 миллиондай көп.

Тәжірибе көрсеткендей, қызметтерді баламалы түрде көрсету электрондық үкіметтің дамуына «тежегіш» болып табылады.

Бүгінде әрбір азамат мемлекеттік қызметтердің көпшілігін онлайн тапсырыс беруге болатынын біледі. Алайда, бұрын «электрондық үкімет» порталымен қатар ХҚКО жұмыс істеді, барлық туындаған сұрақтар мен қиындықтарды адамдар сол жерге жүгіну арқылы шешіп отырды. Қазір мұндай нұсқа жоқ. Сондықтан, барлығына қызмет көрсетуді жедел игеруге тура келеді. «Электрондық үкімет» порталы жүйе жұмысының қыр-сырын түсіну үшін Республикада қызмет алушылардың сұрақтарына жеделден қою үшін арнайы Call-орталық ашылды. Бұл орталық 1414 нөмірі бойынша халықтан қоңырау шалады. Қазіргі уақытта 2,5 мыңнан астам фронт-кеңселердің операторлары кеңес беруге бейімделген.

Сіз мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу арқылы уақытты үнемдейсіз.

Қызметтердің көпшілігін ЭЦҚ болған жағдайда ғана «электрондық үкімет» порталынан алуға болады. Ал егерадамдаэлектрондық цифрлық қолтаңба болмаса, не істеу керек? Қалай?

ЭЦҚ үйден шықпай-ақ онлайн алуға болады. Азаматтардың ТЖ және карантин режимі кезінде ХҚКО-на жүгінбей-ақ электрондық цифрлық қолтаңба алуға мүмкіндігі пайда болды. Азаматтарды сәйкестендіру үшін селфи жасау, өз куәлігіңізді жүктеу және бейне байланыс арқылы қосылатын ХҚКО қызметкерінің бірнеше сұрақтарына жауап беру қажет. Жақында заңды тұлғалар үшін ЭЦҚ алу мүмкіндігі іске қосылды.

ЭЦҚ онлайн режимінде қалай алуға болатыны туралы арнайы нұсқаулық әзірленіп, іс-әрекет алгоритмі егжей-тегжейлі порталда жазылған.Бұл тақырыпта тіпті арнайы оқыту бейнелері бар. Сондай-ақ, халық 1414 Бірыңғай байланыс орталығының кеңесін белсенді пайдалануды жалғастыруда.

Естеріңізге сала кетсек, осы таңда онлайн түрінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 80% қолжетімді. Оны қазақстандықтар egov.kz порталы, eGov Mobile қосымшасы және Telegram (EgovKzBot2.0) мессенджерлеріндегі чат-боттардың және Facebook және ВКонтакте әлеуметтік желілерінің көмегімен ала алады.

Бұл үшін басты шарттардың бірі қызмет алушының ұялы телефон нөмірі азаматтар базасында тіркелген және телефонда қосымшалардың болуы. Айта кетейік, мобильдік азаматтар базасына электронды үкімет порталындағы виртуалды ассистент көмегімен ұялы телефон нөмірін тіркеуге болады.

Сонымен қатар, жалпы облыс бойынша 1 381  өзі өзіне қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасауда. Олар барлық қажет құралдармен жабдықталған (интернет, компьютер, принтер, сканер). Электрондық форматқа көшірілген және «электрондық үкімет» порталында қолжетімді барлық мемлекеттік қызметтерді азаматтар тек өз бетінше немесе өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында, яғни тек ХҚКБ ғимараттарында ғана емес, сондай-ақ, әкімдік жанындағы фронт-офистерде, оқу және медициналық ұйымдарда және т.б. орналасқан, интернетпен және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз етілген өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштарынан ала алады.

Қызмет алушыларға ыңғайлы болу үшін және қызмет алушыларға бағдарлану мақсатында Теміртау және Қарағанды қалаларында орналасқан  өзі өзіне қызмет көрсету бұрыштары қолданыстағы «2ГИС» картасының базасына енгізілгенін атап өткен жөн.

Сондай-ақ, қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстандықтардың ыңғайлығы үшін ХҚКО-да кезекті брондау қызметі қосылды. Енді көрсетілетін қызметті алушылар ХҚКО-на тек порталдан ғана емес, сонымен қатар egov.kz және 1414 байланыс орталығы арқылы, сондай-ақ Telegram-бот арқылы кезекті брондай алады. 

 

Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет көрсету қоғам өмірінде үлкен орын алады. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші болып табылады. Осыған байланысты, көптеген шет мемлекеттер мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жоғары болуына және осы саланың дамуына үлкен мән беруде.

 

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер басқармасының
бас маманы Ж. Жүніс

Дата публикации
17 июля 2020
Дата обновления
17 июля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Шет ауданы әкімінің аппаратының Instagram парақшасы
Шет ауданы әкімінің аппаратының Facebook парақшасы
Шет ауданы әкімінің аппаратының Youtube арнасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы