

21.09.2023 жылы «Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің, «Шет ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің және «Шет ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің мемлекеттік қызметшілерімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндірме өткізілді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырған кездегі құқықтық сауаттылығы әлсіздігінің салдары болып табылады. Осыған байланысты, халық арасында кең ауқымды түсіндіру жұмысы, олардың жасын, кәсіби және өзге де ерекшеліктерін ескере отырып, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру жөніндегі жүйе қалыптасуы тиіс. Осы бағытта түсіндірме жұмыстары барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдарының талаптары мекеме қызметкерлеріне жан-жақты түсіндірілді.