

25.08.2023 жылы «Дәрия ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің, «Красная Поляна ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызметшілерімен zoom бағдарламасы арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндірме және оқыту өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттік мәртебе берілген, сыбайлас жемқорлықты жою және оның көріністерін болдырмау жөнінде қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды шаралар атқарылуда. Осы бағытта түсіндірме жұмыстары барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдарының талаптары мекеме қызметкерлеріне жан-жақты түсіндірілді.