15.02.2023 жылы «Ақсу-Аюлы ауылдық округінің әкімі аппараты» ММ және «Кеншоқы ауылдық округі әкімі аппаратының» ММ мемлекеттік қызметкерлерімен зуум бағдарламасы арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндірме және оқыту өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттік мәртебе берілген, сыбайлас жемқорлықты жою және оның көріністерін болдырмау жөнінде қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды шаралар атқарылуда . Осы бағытта түсіндірме жұмыстары барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдарының талаптары мекеме қызметкерлеріне жан-жақты түсіндірілді.
