Меню

Страницы

Статья

Қаржылық бақылаудың бақылауында!!!

Жыл сайын Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті нақты уақыт режимінде жылдық қаржылық есептілік бекітілгенге дейін қаржылық есептілікке аудит жүргізеді.

Бүгінгі таңда аудиттің бұл түрі қоғамның мемлекетке деген сенімін қалыптастырудың алғышарттарын жасайтын қаржылық бақылау құралдарының бірі болып табылады.

Аудиторлық тексеру нәтижелері бойынша қаржы министрлігі сенімді қаржылық есептілікті алады, яғни бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық жағдайы туралы толық ақпаратпен қамтамасыз етіледі.

Бүгінгі таңда облыстық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінде көрсетілген деректердің сенімділігін қамтамасыз ету бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылды.

Мәселен, нақты уақыт режимінде 2022 жылғы тамыздан бастап 2023 жылғы ақпанға дейін бюджеттік бағдарламалардың 6 әкімшісі және олардың ведомстволық бағынысты мекемелері бойынша қаржылық есептілікке аудит жүргізілді.

Аудитпен қамтылған бюджеттік бағдарламалар әкімшілері активтерінің жалпы сомасы 6,1 млрд.теңгені құрады, бұл облыстық бюджет балансының валютасының 1,2% - н құрайды.

Бұдан басқа, ведомстволық бағынысты мекемелер бойынша қарсы тексерулер жүргізілді, онда баланс валютасы 35,2 млн.теңгені құрайды.

Аудит барысында 2,0 млрд.теңге сомасына бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібінің бұзылуы анықталды, оның ішінде 1,2 млрд. теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар анықталды, бұл 809,1 млн. теңге сомасына жалпы бұзушылықтар мен рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың 60% -н құрайды. Анықталған бұзушылықтардың 1,8 млн.теңгесі өтелуге және 1,2 млрд. теңгесі қалпына келтіруге жатады.

Аудит қорытындысы бойынша қабылданған шаралармен бюджет кірісіне 1,8 млн. теңге өтелді, есепке алу бойынша 1,2 млрд.теңге қалпына келтірілді.

Жоғарыда көрсетілген кемшіліктер активтерді көрсетпеу, дұрыс жіктемеу, бухгалтерлік есепте операцияларды уақтылы көрсетпеу, дебиторлық берешекті қайтару бойынша шаралар қолданбау салдарынан жіберілді.

Бұл жағдай әкімшілердің басқару есебін толық жүргізбейтіндігін көрсетеді, бұл мекемелер мен ұйымдардың қаржылық-экономикалық жағдайын талдау, қолда бар ресурстарды сапалы бөлуді жоспарлау болмаған кезде көрінеді. Сондай-ақ шығыстарды оңтайландыру және тиімсіз шығындарға жол бермеу, қаржылық көрсеткіштерді жақсарту тиісті дәрежеде жүзеге асырылмайды.

Мемлекеттік органдар жүргізетін активтерді түгендеу негізінен формальды болып табылады, өйткені аудит барысында белгіленген кейбір ауытқуларды сапалы түгендеу кезінде анықтауға және алдын алуға болады.

Қаржылық тәртіптің төмен деңгейінің себептерінің бірі-әкімшілердің дұрыс құрылмаған ішкі бақылау жүйесі.

Аудит барысында жылдық қаржылық есептілік бекітілгенге дейін 2,0 млрд.теңге сомасына ауытқулар жойылды және сәйкестікке келтірілді.

Бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралардың уақытылы 6 әкімші бойынша қаржылық есептілікте елеулі бұрмаланулардың алдын алуға, жеке және лауазымды тұлғаларға әкімшілік жүктемені төмендетуге ықпал етті.

Дата публикации
07 апреля 2023
Дата обновления
07 апреля 2023
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Шет ауданы әкімінің аппаратының Instagram парақшасы
Шет ауданы әкімінің аппаратының Facebook парақшасы
Шет ауданы әкімінің аппаратының Youtube арнасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы